(34 сурет). Рахиттың ауыр түрлерінде бас төрт
бұрыштанады
(сариt cgиаdraит), маңдай және төбе бұдырлары, биік маңдай
{«олимпиялық» маңдай) байқалады
(35 сурет). Гидроцефалияның
(34 сурет) туа біткен,
менингиттпен ауырғаннан кейін пайда болған түрлері болуы мүмкін.
Бастың кішіреюі (микроцефалия) мидың ұрықтық кезіндегі дамуының
бұзылыстарының нәтижесі ретінде (шын микроцефалия) байқалады
(36 сурет). Бастың төрт бұдырланып (бұрыштанып) өзгеруі
(«құйрық» тәрізді бас) рахитте,
сиректеу туа біткен сифилисте байқалады.
Ұзынынан созылып өзгерген бас (мұнара тәрізді бас), бастың шүйде бөлігінің
тегістелуі рахитте байқалады.
Жаңа туылған баланың басының түрі туылу кезіндегі зақымдалуға байланысты
болуы да мүмкін. Қанды ісік
(кефалогематома) сүйек қабығының астына қан кұйылғанда
байқалады
(37 сурет). 179