Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет259/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

32- сурет. 33- сурет.
Рахитпен ауырган сәби. «Бақа іші» белгісі.
 
Ересек балалар түрлі гимнастикалық жаттығулар жасайды. Кішкене балалардың
қолының күшін анықтау үшін қолындағы ойыншыктармен тартып алуға икемдік етеді, ал,
ересек балалар өтініш бойынша қарсылық жасайды. Сонымен қатар, қол және аяқ күшін
тексеруге арналған динамометрлер қолданылады
Гипотония жалпы және жергілікті болып, екіге бөлінеді. Жалпы гипотония, баланың
барлық денесінің бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі, рахитте
(32 сурет),
Даун
ауруында, туа болған миопатияда
,
микседемада, үдемелі бұлшық ет гипотониясында
байқалады
Жекелеген бұлшық еттердің гипотониясы рефлекторлы доғаның шеткі бөлімдері
зақымдалғанда (парез, паралич), кейбір буындарында белсенді қимылдар, әртүрлі
ауруларға байланысты шектелгенде (артриттер), ревматикалық хореяда, иық бұлшық
еттерінің тонусы төмендегенде, әдетте сол бұлшық еттердің семуімен (атрофиясымен)
қосарлана байқалады. Рахитте іш бұлшық еттерінің гипотониясына байланысты «бақа
іші» белгісі байқалады 
(33- сурет).
Гипертония (бұлшық еттің тонусының артуы) жалпы және жергілікті болып екіге
бөлінеді.
Жалпы гипертония столбнякта (сіресу), бас шеменінде, менингитте, мидың
дамуының жетіспеушілігінде және т.б. байқалады.
Жаңа туылған балада физиологиялық гипертония байқалады. Тіптен бұлшық еттің
тонусына байланысты нәрестенің гестациялық жасы туралы болжауға болады.
Мерзімінде жаңа туылған дені сау нәресте қол-аяғын шынтағында, тізесінде,
ұршығында бүгіп, денесіне тартып алып, жатады. Бұндай қалып 3–4 айға дейін байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет