ЕКІНШІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Қабыршақ (sguamа)
– эпидермистің түсіп қалып жатқан мүйізді қабыршақтарының
жиынтығы. Олар әр түрлі мөлшерлі болады: жапырақ тәріздес тілеу 5 мм-ден үлкен, 1–5
мм пластинкалы түлеу, өте ұсақ (кебек тәріздес) түлеу. Түсі сарғыштау немесе сұр болып
келеді. Кебек тәріздес түлеу теріні пудрлау туралы ұғымды еске түсіреді. Қабыршақтану
қызылшалық, қызамықтық бөртпелерде, псориазда, себорреяда байқалады.
Қабық (сrustа)
– көбікшенің, іріңдіктің, серозды қан аралас немесе іріңді эрозияның
немесе жараның экссудаттарының кебуінен пайда болады. Қабық, оны құрауға қатысқан
экссудаттарға байланысты, іріңді (сары түсті), серозды (мөлдір немесе сұрлау реңді),
қанды (қоңыр түсті) болуы мүмкін. Түрлері бойынша қабық бірнеше қабатты, устрица
сияқты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |