Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет231/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 
Кома. 
Науқас ессіз-түссіз болып келеді. Рефлекстер, тері сезімталдығы, егуге жауабы
толық жойылады. Қарашығы кеңейіп, жарыққа жауабы жойылады, мүйізді қабығының
рефлексі жойылады.
Команы 3 сатыға бөледі:
Кома – 1. Көзін ашпайды. Қорғаныстық қимылдары координациясыз болады. Қарашық-
тық рефлекс сақталып қалады.
Кома – 2. Аурулық рефлекстер мен қарашықтық рефлекстер жойылады. Тыныс алуы мен
жүрек қызметі сақталады.
Кома – 3. Тынысы дөрекі өзгереді, систолалық кысым 60 мм сынап бағанасынан төмен
түседі, көз алмасы қозғалмайды.
Күнделікті өмірдегі әрекетінің белсенділігіне қарай науқас балалардың төсектегі
қалпын 3 топқа бөледі: 
1. Еркін немесе активті (әрекетті). Науқас төсекте еркін қозғала алады. Бұл жағдай
баланың жасына байланысты қозғалыс мүмкіншіліктеріне сай шешілуі керек (мысалы:
жаңа туылған нәрестелер).
2. Қимылсыз не пассивті (енжар) қалып. Төсекте жатқан науқас өз бетімен қоз ғала
алмайды. Төсекке қалай жатқызса солай жата береді. Бұл жағдайда да баланың жасына
байланысты қозғалыс мүмкіншілігіне сай анықтау керек.
3. Мәжбүр қалып. Науқас баланың жағдайын жеңілдететін қалпын қабылдауы.
Мысалы: жүрек ауруларында амалсыз оң бүйіріне жатады, менингитте бір бүйіріне,
басын шалқайтып екі аяғын ішіне тартып, жатады, амалсыз төрттағандап отыру
перикардитте байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет