Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қозғалыс функцияларын бағалау



Pdf көрінісі
бет228/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Қозғалыс функцияларын бағалау. 
Қозғалыс жүйелерін зерттеу көңіл-күйі ақыл-есі,
бұлшық ет тонусының, шартсыз бейнелістер жағдайларын, спонтанды, енжар, белсенді
қимылдар көлемін, тарамыс, сүйек қабы және беткейлі бейнелістерді анықтауды қамтиды.
Баланың тәртібінің маңызы, оны тыныш жағдайда сөйлесіп, тексеруде ғана емес,
сонымен қатар оны сипаттауда да (бұлшық еттер тонусы, рефлекстер, ес-түсі) тексеру
кезіндегі баланың тәртібінің маңызы үлкен.
Тәртібін бірнеше түрге бөлу, ол үшін төмендегі белгілерді қолдану ұсынылады:
1. Тыныш, көзін жауып, ырғақты демалып, қозғалмай ұйыктайды;
2. Активті ұйқы. Көзі жабық, тынысы бір қалыпты емес, әр түрлі бұлшық ет
топтарында кептеген кішкене қимылдар байқалады;
3. Бала ұйқыдан ояу, бірақ тыныш. Көзі ашық, үлкен қимылдар мен айқай жоқ.
4. Сергек және активті. Көзі ашык, аяқ-қолдарында, тұлғасында әртүрлі қозғалыстар
байқалады.
5. Айқайлайды. Көзі ашық немесе жабық болуы мүмкін, әдетте қимылдар
байқалады.
6. Баланың тәртібінің басқа да түрлері де болуы мүмкін.
Баланың ес-түсін бағалауды онымен сөйлесу арқылы шешу тек ересек балаларда ғана
мүмкін болады. Сондықтан, көп нәрселерді сұрастыру және тікелей қарау кезінде шешу
қажет. Осыған орай, науқастың көңіл-күйін, ақыл-есін бағалауды жүйелі ретпен жүргізу
керек.
Көңіл-күйі және ақыл-есі қалыпты. Ата-анасы көңіл-күйінің өзгермегенін,
жақындарымен әдеттегідей сөйлесіп, ойнап күлетінін, ұйқысының тыныш екендігін
тәбетінің жақсылығын, шағымының жоқтығын, себепсіз жылап мазасызданбайтындығын
хабарлайды.
Көңіл-күйінде қозу мен жәй табу (эйфория) байқалуы. Қимылдық активтілігі және
ойын кезінде қозғалысы артады, «жыбырлап» сөйлегіш болып кетеді. Жақындарымен
158


қарым-қатынасы нашарлайды (бала оған айтқан сөздерді, нұсқауларды, өтінішті
естімейтін сияқты болады), тәбеті нашарлайды, ұйықтап кету және ояну уақыты ұзарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет