Қазақ әдебиеті
10 сынып
1. « Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген» деген сөздерді академик Н.И. Веселовский кім туралы айтқан?
А. Құнанбаев
Ш. Уәлиханов
Ы. Алтынсарин
С. Торайғыров
М. Жұмабаев
2. « Таулардан өзен ағар сарқыраған» деп басталған өлең кімдікі?
1. Абай Құнанбаев
2. Сәбит Дөнентаев
3. Ыбырай Алтынсарин
4. Мағжан Жұмабаев
5. Сұлтанмахмұт Торайғыров
3. Абай төмендегі ақын – жазушылардың қайсысының шығармаларын аударған?
А. Чехов
А. Грибоедов
М. Лермонтов
В. Брюсов
В. Маяковский
4. Абайдың табиғат пен махаббат сырын үндестіре жырлаған өлеңі қалай аталады?
«Көлеңке бойын ұзартып»
«Көк ала бұлт сөгіліп»
«Жаз»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Қараңғы түнде тау қалқып»
5. «Еңілік – Кебек» дастанын жазған кім?
М. Әуезов
М. Жұмабаев
С. Торайғыров
Ш. Құдайбердиев
С. Дөнентаев
6. «Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!» - деген жолдардың авторы кім?
С. Сейфуллин
І. Жансүгіров
С. Торайғыров
М. Дулатов
А. Байтұрсынов
7. Абайдың өлеңін белгілеңіз.
«Өзен»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Өнер білім бар жұрттар»
«Жазғытұры»
«Әкеме»
8. Қазақ әдебиетінде реалистік әдістің тууы кімдердің есімдерімен байланысты?
М. Дулатов, С. Көбеев
Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров
А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин
А. Қорамсаұлы, Б. Қожағұлұлы
Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев
9. Ш. Уәлихановтың шын аты кім?
Ақ жігіт
Ибраһим
Әбілмансұр
Мұхамедқафафия
Мағауия
10. «Бекболат» поэмасының авторы кім ?
Омар Шипин
Иса Байзақов
Төлеу Көбдіков
Сәт Есенбаев
Иса Дәукебаев
11. «Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым» - деген жолдардың авторы кім?
С. Торайғыров
М. Жұмабаев
С. Дөнентаев
С. Көбеев
И. Дәукебаев
12. А Байтұрсыновтың алғашқы өлең жинағы қалай айтылады?
«Жиған – терген»
«Қырық мысал»
«Оян, қазақ»
«Маса»
«Ұсақ – түйек»
13. Қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы кім?
Ш. Уәлиханов
С. Көбеев
А. Қорамсаұлы
С. Торайғыров
А. Құнанбаев
14. Ш.Уәлихановтың алғашқы жазып алған дастанының аты не?
«Қыз Жібек»
«Алпамыс батыр»
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
«Қобыланды батыр»
«Қамбар батыр»
15. Орыс ғалымдары кімді Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы деп атаған?
А. Құнанбаев
М. Әуезов
Ы. Алтынсарин
Ш. Уәлиханов
А. Байтұрсынов
16. « Татьянаның қырдағы әнінің» авторы кім?
Ы. Алтынсарин
А. Құнанбаев
С. Торайғыров
М. Дулатов
А. Байтұрсынов
17. Сот реформасы туралы жазған кім?
Ш. Құдайбердіұлы
А. Байтұрсынов
Ш. Уәлиханов
Ы. Алтынсарин
Ж. Аймауытов
18. Абайдың қара сөздерінің қайсысында қазақтың мақал – мәтелдері туралы сын айтылады?
Алтын сөз
Отызыншы сөз
Бесінші сөз
Он алтыншы сөз
Тоғызыншы сөз
19. «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын қазақша жырлаған кім?
М. Жұмабаев
М. Абайұлы
С. Торайғыров
Ш. Құдайбердіұлы
А. Құнанбаев
20. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкері кім?
Ғайша
Қамар
Ғаникамал
Жамал
Шұға
21. Ш. Уәлихановтың әйгілі саяхат сапарын көрсетіңіз?
Атырау саяхаты
Сырдария саяхаты
Қашқария саяхаты
Үндістан саяхаты
Монғолия саяхаты
Ш. Уәлиханов еңбегінің атын белгілеңіз?
«Қазақ хрестоматиясы»
«Әдебиет танытқыш»
«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»
«Тіл – құрал»
«Тіл жұмсар»
С. Торайғыровтың романын көрсетіңіз?
«Қамар сұлу»
«Бақытсыз Жамал»
«Қалың мал»
«Абай жолы»
«Ақбілек»
24. Тұрлығұл қай шығарманың кейіпкері ?
«Кім жазықты»
«Сұлушаш»
«Бақытсыз Жамал»
«Қалың мал»
«Ботакөз»
Абайдың алғаш жарық көрген өлеңдері кімнің атынан жарияланған?
Уәйіс
Ақылбай
Көкбай
Әріп
Мағауия
Шәкәрімнің шығармасын белгілеңіз?
«Абай жолы»
«Ақбілек»
«Оянған өлке»
«Қалқаман – Мамыр»
«Батыр баян»
Ы. Алтынсариннің өлеңін көрсетіңіз?
1. «Өзен»
2. «Кедей»
3. «Шағым»
4. «Жиған – терген»
5. «Асығып тез аттандық»
28. А. Байтұрсынов қай газеттің бас редакторы болды?
«Қазақ»
«Кедей»
«Ақ жол»
«Еңбекші қазақ»
«Дала уалаяты»
29. Ы. Алтынсариннің алғашқы қазақ мектебі қай жерде ашылды?
Ақтөбеде
Торғайда
Алматыда
Семейде
Қостанайда
«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» - деген жолдардың авторы кім?
М. Жұмабаев
М. Абайұлы
С. Торайғыров
Ы. Алтынсарин
Ш. Уәлиханов
31. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?
М. Жұмабаев
М. Абайұлы
М. Дулатов
Ш. Құдайбердіұлы
А. Құнанбаев
32. «Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшелігі деуге болады». Бұл кімнің сөздері ?
А. Құнанбаев
М. Әуезов
С. Торайғыров
Ы. Алтынсарин
Ш. Уәлиханов
33. Жас кезінде Абай шығармашылығында кімге еліктеді?
Орыс ақындарына
Қазақ ақындарына
Шығыс ақындарына
Батыс ақындарына
Ы. Алтынсаринге
34. Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінде ананы сүйе білудің айқын үлгісі көрсетілген?
«Қыпшақ Сейітқұл»
«Талаптың пайдасы»
«Әке мен бала»
« Бай баласы мен жарлы баласы»
«аурудан аяған күштірек
35. Қай қазақ жазушысы мектеп инспекторы қызметін атқарды?
А. Құнанбаев
М. Жұмабаев
І. Жансүгіров
А. Байтұрсынов
Ы. Алтынсарин
36. Абайдың сазгерлік ән дәстүрін жалғастырушы кім?
А. Байтұрсынов
Ш. Құдайбердіұлы
С.Торайғыров
С. Көбеев
М. Әуезов
37. Кім Абайдың «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ позициясының күн шуақты асқар биігі» деп атады?
С. Торайғыров
М. Әуезов
С. Көбеев
Ы. Алтынсарин
І. Жансүгіров
38. «Медғат – Қасым» поэмасының авторы кім?
Ш. Құдайбердіұлы
А. Құнанбаев
М. Абайұлы
С. Торайғыров
С. Көбеев
39. «Ата – анаңды өнер білсең, асырарсаң, надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың» жолдарын кім жазған?
Ы. Алтынсарин
А. Құнанбаев
С. Торайғыров
А. Байтұрсынов
Ш. Құдайбердіұлы
40. Ы. Алтынсарин қай облыста дүниеге келген ?
Оңтүстік Қазақстан
Алматы
Қостанай
Маңғыстау
Атырау
41. М.Достоевский кімді » Еуропаша толық білім алған ең бірінші қазақ » деп атаған.
1.Ы.Алтынсарин.
2.Ш.Уалиханов.
3.А.Құнанбаев.
4.С.Торайғыров
5. С.Көбеев.
42. Ы:Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы қай қалада басылды ?
1. Қостанайда
2.Астраханда
3.Орынборда
4.Торғайда
5. Семейде
43. »Өнер-білім бар жұрттар» кімніің шығармасы?
1.А.Құнанбаев
2 С Торайғыров.
3.Ш Құдайбердиев
4.Ы Алтынсарин
5.С Көбеев
44. Мағауйя Абайұлының қай шығармасы Африкадағы құлдар мен құл иеленушілердің арасындағы күрес тақырыбына арналған?
1 «Еңлікө -Кебек»
2. «Медғат-Қасым»
3. «Қалқаман-Мамыр»
4. «Ескендір»
5. «Ләйлі-Мәжнүн»
45. «Ойға оңаша жер керек» деген сөздерді кім айтқан ?
1.А.Қормсаұлы
2.А.Құнанбаев
3.Ш.Құдайбердіұлы
4.Ы.Алтынсарин
5.С.Торайғыров
46. 1910 жылы жарық көрген тұғыш қазақ романының авторы кім ?
1.Т.Жомартбаев
2. С.Көбеев
3. М.Дулатов
4. А.Байтұрсынов
5. М.Көшімов
47. Тасболат бай С.Торйғыровтың қай шығармасының кейіпкері ?
1 «Қамар сұлу романы
2 «Кедей» поэмасы
3 «Таныстыру» поэмасы
4 «Кім жазықты» романы
5 «Адасқан өмір» поэмасы
48. С.Дөнентаевтың алғашқы өлең кітабы қалай аталады ?
1. «Топ жарған»
2. «Жиған - терген»
3. «Маса»
4. «Оян ,қазақ»
5. «Уақ -түйек »
49.Аллегория дегеніміз не ?
1.Асырып айту
2.Астарлы меңзеу
3.Өте кішірейтіп жеткізу
4.Мысқыл,кекету
5.Салыстыру
50. «...Мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды.... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек». Бұл сөздерді кім жазған ?
1.А Құнанбаев
2.С Көбеев
3.С Торйғыров
4.Ы Алтынсарин
5.Ф Достоевский
51. «Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» жолдары Ы Алтынсариннің қай өлеңінен алынған?
1. «Өнер-білім бар жұрттар»
2. «Өзен»
3. «Жаз»
4. «Кел ,балалар, оқылық»
5. «Үміт еткен көзімнің нұры -балам»
52. «Қалқаман-Мамыр» кімнің поэмасы ?
1.М Абайұлы
2.А Құнанбаев
3.Ш Құдайбердіұлы
4.С Торайғыров
5.М Дулатов
53. «Ақан серінің өлеңін белгіңіз ?
1. «Өзен»
2. «Сырымбет»
3. «Жаз»
4. «Жастық»
5. «Анама хат»
54. «Қазақ тілін орыс графикасына көшіруді тұңғыш ұсынған кім?
1. А Байтұрсынов
2. Ы Алтынсарин
3. А Құнанбаев
4. С Көбеев
5. Ш Құдайбердіұлы
55. Абайдың қай өлеңінде кейіптеу кездеседі?
1. «Көзімнің қарасы»
2. «Қыс»
3. «Балалық өтті, білджің бе?»
4. «Татьянаның хаты»
5. «Өлсем, орным қара жер»
56. Абайдың қай өлеңінде риторикалық сұрау кездеседі?
1. «Көзімнің қарасы»
2. «Қыс»
3. «Балалық өтті ,білдің бе»
4. «Татьянаның хаты»
5. «Өлсем ,орным қара жер»
57. Ы Алтынсариннің ел ішіндегі теңсіздік мәселелеріне арналған өлеңдерін белгілеңіз?
1. «Өзен»
2. «Кел, балалар, оқылық»
3. «Жаз»
4. «Әй, жігіттер»
5. «Өнер -білім бар жұрттар»
58. Кім Абайды «Қазақтың бас ақыны»деп бағалаған?
1. Ш Құдайбердіұлы
2. А Байтұрсынов
3. С Торйғыров
4. М Дулатов
5. Ы Алтынсарин
59 «Толғауы тоқсан қызыл тіл» деген жолдар Абайдың қай өлеңінде кездеседі?
1. «Болыс болдым ,мінеки»
2. «Қалың елім ,қазағым»
3. «Сегіз аяқ»
4. «Құлақтан кіріп бойды алар»
5. «Көзімнің қарасы»
60. Орыс ғалымдары кімді»қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер «деп атады ?
1. А Құнанбаев
2. Ы Алтынсарин
3. Ш Уалиханов
4. С Торайғыров
5. А Байтұрсынов
61. Бұл өлең жодары кім туралы: »Таба алмай тыныштықты туған елде,
Кете алмай біржолата бөтен жерге,
Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық,
Төсеген талай ерлер оққа кеуде»
1. А Байтұрсынов
2. Ы Алтынсарин
3. Ш Құдайбердіұлы
4. А Қорамсаұлы
5. С Торайғыров
1893-1920 жылдар аралығында өмір сүрген дарынды қазақ ақыны кім?
1. С Дөнентаев
2. М Сералин
3. С Торайғыров
4. М Жұмабаев
5. М Дулатов
63. «Ақ көйлек» әні әнші-ақындардың қайсысының өлеңі ?
1. Біржан сал
2. Мәди
3. Жаяу Мұса
4. Ақан сері
5. Балуан Шолақ
64. Шәкәрімнің Абайдан үлгі алуға шақыратын өлеңі қалай аталады ?
1. «Қазақ»
2. « Өмір»
3. « Жастарға»
4. « Талап пен ақыл»
5. «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым»
65. «Еңлік-Кебек», Медғат-Қасым» поэмаларын жазған қай ақын ?
1. Ш Құдайбердіұлы
2. М Дулатов
3. А Құнанбаеы
4. М Абайұлы
5. М Сералин
66. «Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам». А Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себеп қандай еді.
1. Ел мұңы
2. Кедейлік
3. Ғашықтық
4. Әкесінің ұсталуы
5. Оқуға еріксіздігі
67. Тұғыш әдебиет теориясынан «Әдебиет танытқыш» деген еңбек жазған қазақ ғалымы кім ?
1. Ш Уалиханов
2. А Байтұрсынов
3. Қ Жұмалиев
4. З Қабдолов
5. Ы Алтынсарин
68. «Мен-балаң жарық күннен сәуле қуған» –деген жолдардың авторы кім?
1.С.Торайғыров
2.С.Сейфуллин
3.І.Жансүгіров
4.М.Дулатов
5.А.Байтұрсынов
69. М.Жұмабаевтың қай поэмасының оқиғасы XVIII ғасырда өтеді?
1. «Қойлыбайдың қобызы»
2. «Еңлік-Кебек»
3. «Қорқыт»
4. «Тоқсанның тобы»
5. «Батыр Баян»
70. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың...» - деген жолдар Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінен алынған?
«Атымтай Жомарт»
«Әке мен бала»
«Қыпшақ Сейітқұл»
«Бай баласы мен жарлы баласы»
«Бір уыс мақта»
71. Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінде отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеу тақырыбы қозғалады?
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»
«Әке мен бала»
«Қыпшақ Сейітқұл»
«Бай баласы мен жарлы баласы»
«Бір уыс мақта»
72. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген?
1847 ж
1905 ж
1845 ж
1904 ж
1835 ж
73. Неше жасында Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне баули бастайды?
17
10
21
25
13
74. «Бағу қағуда көп мағына бар екен» - деген сөздер Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінде кездеседі?
1. « Атымтай Жомарт»
2. «Әке мен бала»
«Қыпшақ Сейітқұл»
«Бақша ағаштары»
«Бір уыс мақта»
75. Ы. Алтынсарин өзінің «Қазақ хрестоматиясында» қандай орыс жазушыларының шығармаларын пайдаланды ?
В. Маяковский, С. Есенин, А. Грибоедов
Л. Толстой, К. Ушинский, И. Крылов
А. Пушкин, М. Лермонтов, А. Чехов
А. Твардовский, А. Блок, И. Крылов
Л. Толстой, М. Шолохов, Ф. Тютчев
76. Абайдың мәдениет пен білімнің маңызын насиқаттауға арналған өлеңін көрсетіңіз?
«Жаздыгүні шілде болғанда»
«Сабырсыз , арсыз, еріншек»
«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға»
77. «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз» - деген жолдар Абайдың қай өлеңінен алынған?
«Интернатта оқып жүр»
«Сабырсыз, арсыз, еріншек»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға»
78. Абайдың сөз өнері туралы өлеңін белгілеңіз.
«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»
«Сабырсыз, арсыз, еріншек»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
«Өлең - сөздің патшасы , сөз сарасы»
79. Абайдың поэмасын көрсетіңіз?
«Әзім әңгімесі»
«Медғат – Қасым»
«Сұлушаш»
«Еңлік – Кебек»
«Қалқаман - Мамыр»
80. Абай қарасөздерінің жалпы саны қанша ?
48
50
25
45
39
81. Нешінші қарасөзінде Абай орыс ғылымын үлгі етеді?
Бесінші
Он бірінші
Жиырма бесінші
Жиырма тоғызыншы
Он тоғызыншы
82. Араб , Түрік, Еуропа елдерін аралаған қаламгерді көрсетіңіз?
М. Дулатов
Ы. Алтынсарин
Ш. Уәлиханов
А. Құнанбаев
Ш. Құдайбердіұлы
А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» повестерін өлеңмен аударған кім?
С. Торайғыров
М. Дулатов
Ш. Құдайбердіұлы
А. Құнанбаев
Ы. Алтынсарин
84. Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы Мамырды атып өлтірген кейіпкерді табыңыз?
Қалқаман
Әнет
Көкенай
Мәмбетей
Кебек
Атақты Құлагер деген жүйрік аты болған ақынның аты кім?
Біржан сал
М. Жұмабаев
І Жансүгіров
Ақан сері
М. Дулатов
86. Халық қай ақынды «сері» деп атаған?
М. Жұмабаев
М. Дулатов
Ш. Құдайбердіұлы
А. Қорамсаұлы
М. Абайұлы
87. «Мылтық пен мергеншілік» өлеңі кімдікі?
А. Құнанбаев
М. Дулатов
С. Торайғыров
А. Қорамсаұлы
И. Байзақов
88. «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» - деген сөздерді Ақан сері қай өлеңінде келтірген?
«Бал Қадиша»
«Сырымбет»
«Жақсы мен жаман»
«Заман адамы»
«Асыл мен жасық»
89. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің ақындық дарынының ең күшті жақтары қандай?
Әлеуметтік мәселелерге арнаған өлеңдері
Ақындық өнер туралы шығармалары
Махаббат, достыққа, саятшылық өнер, табиғат көріністеріне арналған өлеңдері.
Ғылым, білім туралы өлеңдер
Сот реформасы туралы шығармалар
90. Қай ақын Жәңгір ханның немересі болған ?
Мағауия
Шәңгерей
Міржақып
Ғұмар
Шәкәрім
91. «Айқап» журналының шығарушысы кім болған?
А. Байтұрсынов
С. Торайғыров
М. Сералин
Ғ. Қарашұлы
М. Дулатов
92. Мысалшы ақын кім?
А. Қорамсаұлы
Шәңгерей
А. Құнанбаев
А. Байтұрсынов
С. Торайғыров
93. «Білімнің бас құралы – кітап» - деген сөздерді кім айтқан?
Ы. Алтынсарин
А. Құнанбаев
М. Дулатов
С. Көбеев
А. Байтұрсынов
94. «Тіл білімінің атасы» деп қай ақынды айтамыз?
А. Байтұрсынов
А. Құнанбаев
М. Сералин
Ы. Алтынсарин
С. Торайғыров
95. М. Дулатовтың өлеңдер жинағын көрсетіңіз?
«Қырық мысал»
«Маса»
«Аға тұлпар»
«Ұсақ – түйек»
«Оян, қазақ»
96. «Қазақ» газетінде А. Байтұрсынов тең редактор болған қаламгер кім?
С. Торайғыров
С. Көбеев
М. Сералин
М. Дулатов
Ш. Құдайбердіұлы
Достарыңызбен бөлісу: |