11 сынып
Қазақ әдебиеті
1. Мына жолдар Ж.Аймауытов қай шығармасынан? «Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?»
1. «Ақбілек»
2. «Қартқожа»
3. «Әнші»
4. «Елес»
5. «Шернияз»
2. І.Жансүгіровтың 200 жылға жуық тарихты қамтитын тарихи-философиялық поэмасы қалай аталады?
1. «Күй»
2. «Күйші»
3. «Құлагер»
4. «Мәйек»
5. «Дала»
3. «Қартқожа» романының авторы кім?
1.М.Әуезов
2.Ж.Аймауытов
3.Б.Майлин
4.Ә.Кекілбаев
5.С.Жүнісов
4. «Түрмеден қашып шыққанда» қай ақынның туындысы?
1. С.Сейфуллин
2. М.Дулатов
3. М.Көшімов
4. М.Сералин
5. М.Жұмабаев
5. С.Сейфуллиннің повесін белгілеңіз?
1. «Бір атаның балалары»
2. «Ұлпан»
3. «Қараш-қараш»
4. «Жер қазғандар»
5. «Қилы заман»
6. І.Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған трилогиясын көрсетіңіз.
1. «Жаушы»
2. «Үркер»
3. «Елең-алаң»
4. «Көшпенділер»
5. «Дарабоз»
7. І.Жансүгіровтың поэмасын белгілеңіз.
1. «Қалқаман-Мамыр»
2. «Сұраншы батыр»
3. «Күйші»
4. «Көкшетау»
5. «Сұлушаш»
8. С.Сейфуллиннің махаббат туралы романтикалық поэмасы қалай аталады?
1. «Көкшетау»
2. «Альбатрос»
3. «Аққу күйі»
4. «Қызыл ат»
5. «Аққудың айрылуы»
9. Қазақ әдебиетінде кедейлердің типтік бейнесі-Шоқпыт образын сомдаған ақынды көрсетіңіз.
1.С.Мұқанов
2.Б.Майлин
3.Б.Ізтелин
4.І.Жансүгіров
5.М.Жұмабаев
10. Құнанбай Меккеге аттанарда күн сұрай келген адам кім?
1.Бөжей
2.Сүйіндік
3.Дәркембай
4.Қодар
5.Базаралы
11. М.Әуезов Н.В.Гогольдің қай шығармасын аударған?
1. «Асауға тұсау»
2. «Любовь Яровая»
3. «Отелло»
4. «Ревизор»
5. «Қорқыныш»
12. М.Әуезовтың тұңғыш шығармасы қалай аталады?
1. «Қорғансыздың күні»
2. «Жетім»
3. «Адамдық негізі-әйел»
4. «Еңлік-Кебек»
5. «Ескілік көлеңкесінде»
13. Ғ.Мүсіреповтің әңгімесін көрсетіңіз.
1. «Сөніп-жану»
2. «Ақлима»
3. «Барымта»
4. «Жетім»
5. «Сыбанның молдасында»
14. «Амангелді» пьесасын жазған кім?
1.М.Әуезов
2.С.Мұқанов
3.Ғ.Мүсірепов
4.С.Сейфуллин
5.А.Байтұрсынов
15. С.Сейфуллиннің поэмасын белгілеңіз.
1. «Құлагер»
2. «Кім жазықты?»
3. «Гималай»
4. «Қызыл ат»
5. «Сұлушаш»
16. «Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы кім?
1.С.Сейфуллин
2.М.Мақатаев
3.А.Жұмағалиев
4.Б.Бұлқышев
5.Қ.Аманжолов
17. «Ботагөз» романына қандай оқиғалар арқау болды?
1.1836 жылғы шаруалар көтерілісі
2. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы
3.Ұлы отан соғысы
4.1905 жылғы революция
5.1916-1917 жж. тарихи жағдай
18. Автобиографиялық шығарманы белгілеңіз.
1. «Қаһар»
2. «Сұлушаш»
3. «Өмір мектебі»
4. «Көкшетау»
5. «Оянған өлке»
19. Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш сөз қалай аталады?
1.Эпитет
2.Гипербола
3.Теңеу
4.Метафора
5.Аллегория
20. 30-жылдар әдебиетінде көрнекті орын алатын С.Ерубаевтың романы қалай аталады?
1. «Дөң асқан»
2. «Жолдастар»
3. «Менің құрдастарым»
4. «Қызылжар»
5. «Теміртас»
21. С.Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?
1. «Асау тұлпар»
2. «Өткен күндер»
3. «Экспресс»
4. «Домбыра»
5. «Тұрмыс толқынында»
22. Есен шал-Ғ.Мүсіреповтың қай шығармасының кейіпкері?
1. «Ананың анасы»
2. «Ананың арашасы»
3. «Ер ана»
4. «Талпақ танау»
5. «Ақлима»
23. «Жауыздық пен махаббат», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат», т.б. шығармалар жазған жауынгер-публицист жазушыны анықтаңыз.
1. С.Ерубаев
2. Ә.Әбішев
3. Б.Бұлқышев
4. Ә.Сәрсенбаев
5. Ж.Саин
24. Қазақ ұлттық театры қашан ашылды?
1. 1945 жылы
2. 1890 жылы
3. 1926 жылы
4. 1920 жылы
5. 1960 жылы
25. М.Жұмабаевтың поэмасын белгілеңіз.
1. «Қойлыбайдың қобызы»
2. «Сұлушаш»
3. «Қорқыт»
4. «Құралай сұлу»
5. «Күн тіл қатты»
26. І.Жансүгіровтың Ақан серінің басындағы трагедияға арналған поэмасы қалай аталады?
1. «Күй»
2. «Күйші»
3. «Құлагер»
4. «Дала»
5. «Гималай»
27. М.Жұмабаевтың әңгімесін көрсетіңіз.
1. «Қорғансыздың күні»
2. «Күлпаш»
3. «Ананың арашасы»
4. «Шолпанның күнәсі»
5. «Күнікейдің жазығы»
28. С.Сейфуллиннің қай туындысы теміржолшылар тақырыбына арналған?
1. «Айша»
2. «Тар жол тайғақ кешу»
3. «Жер қазғандар»
4. «Альбатрос»
5. «Экспресс»
29. С.Мұқановтың қай шығармасы алғашқыда «Жұмбақ жалау» деп аталған?
1. «Сұлушаш»
2. «Майға сәлем»
3. «Балуан Шолақ»
4. «Мөлдір махаббат»
5. «Ботагөз»
30. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы жаңа заман адамы кім?
1. Итбай
2. А. Кулаков
3. Асқар
4. Кошкин
5. Горбунов
31. Араб негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы кім?
1. С. Торайғыров
2. М. Жұмабаев
3. С. Мұқанов
4. А. Байтұрсынов
5. Ы. Алтынсарин
32. А. Байтұрсынов қандай жырды жинап, реттеп, өңдеп бастырған?
1. «Алпамыс батыр»
2. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
3. «Қобыланды батыр»
4. «Ер Тарғын»
5. «Ер Сайын»
33. «Жалынмын мен, келме жақын жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын»
Бұл сөздердің авторы кім?
1. І.Жансүгіров
2. Ы. Алтынсарин
3. М. Шаханов
4. М. Мақатаев
5. М.Жұмабаев
34. М. Жұмабаевтың тұңғыш жинағы қалай аталады?
1. «Қырық мысал»
2. «Оян, қазақ»
3. «Топжарған»
4. «Шолпан»
5. «Жиған – терген»
35. М. Жұмабаевтың «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі жеке өміріндегі қандай қасіретке байланысты жазылған?
1. Әке – шешесі қайтыс болуына байланысты
2. Досы мен ұстазынан айырылуына байланысты
3. Өзінің ауыр сырқаттануына байланысты
4. Сүйген жары мен перзетінің қайтыс болуына байланысты
5. Бірінші дүниежүзілік соғыстағы өлімдерге байланысты
36. Мағжан Жұмабаев қай жылы қайтыс болды?
1.1951ж
2.1938ж
3.1937ж
4.1932ж
5.1941ж
37. «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Шернияз» пьесаларының авторы қай драматург?
1. Ж. Аймауытов
2. Қ. Кемеңгеров
3. Б. Майлин
4. М.Әуезов
5. Ж. Шанин
38. «Аққудың айырылуы», «Лашын туралы жыр», «Ақсақ киік» атты лирикалық туындылардың авторы кім?
1. М. Мақатаев
2. М. Жұмабаев
3. С. Сейфуллин
4. Қ. Аманжолов
5. І. Жансүгіров
39. «Шұғаның белгісі» хикаятындағы бас кейіпкер жігіт кім?
1. Әбдірахман
2. Мейрам
3. Еркебұлан
4. Ахмет
5. Құрымбай
40. С. Мұқановтың өлеңімен жазылған романы қалай аталады?
1. «Ботакөз»
2. «Сұлушаш»
3. «Теміртас»
4. «Мөлдір махаббат»
5. «Сырдария»
41. «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның әкесі кім?
1.Беркімбай
2.Ахмет
3.Базарбай
4.Есімбек
5.Әбдірахман
42. Мырқымбай образы қай қаламгердің шығармаларында кездеседі?
1.І. Жансүгіров
2.Б. Майлин
3.С. Мұқанов
4.Ғ. Мұстафин
5.С. Сейфуллин
43. І. Жансүгіровтың халықаралық тақырыпқа арналған өлеңін көрсетіңіз?
1. «Ежелгі дала»
2. «Гималай»
3. «Шаттық жыры»
4. «Жалпы жасқа»
5. «Тілек»
44. «Ақын өлімі туралы аңыздың» авторы кім?
1. Қ. Мырзалиев
2. Т. Айбергенов
3. Ә. Тәжібаев
4. Қ. Аманжолов
5. Ғ. Орманов
45. Жамбылдың ұстазы кім болған?
1. Шортанбай
2. Дулат
3. Әубәкір
4. Сүйінбай
5. Шөже
46. «Тыңдағы толқындар», «Аққан жұлдыз» романдарының авторы кім?
1. Ғ. Сланов
2. Ғ. Мұстафин
3. С. Ерубаев
4. М. Иманжанов
5. С. Мұқанов
47. Абайды Қодардың өлімінің үстіне ертіп барған кім?
1. Жиренше
2. Ербол
3. Базаралы
4. Майбасар
5. Тәкежан
48. «Өскен өркен» романының авторы кім?
1. І. Есенберлин
2. С. Мұқанов
3. Ғ. Мұстафин
4. М. Әуезов
5. Ғ. Мүсірепов
49. «Адамдық негізі - әйел» деген мақаланың авторы кім?
1. Ғ. Мүсірепов
2. С. Мұқанов
3. М. Мақатаев
4. Ф. Оңғарсынова
5. М. Әуезов
50. «Абай жолы» романында Абайдың беделін биіктеткен кімнің асы?
1. Құнанбай
2. Қодар
3. Кәмшат
4. Зере
5. Бөжей
51. Дәркембай,Базаралы,Ербол атты кейіпкерлер М.Әуезовтің қай шығармаларында ұшырасады?
1. «Көксерек»
2. «Қилы заман»
3. «Қаралы сұлу»
4. «Абай жолы»
5. «Өскен өркен»
52. М.Әуезовтің көркем прозасындағы тұңғыш туындасы қалай аталады?
1. «Абай жолы»
2. «Қорғансыздың күні»
3 «Қарағөз»
4 «Көксерек»
5 «Қилы заман»
53. Гогольдың «Ревизор»,Шекспирдің «Отелло»,»Асауға тұсау» пьесаларын қай жазушы аударды?
1.Ж.Аймауытов
2.М.Әуезов
3.Ғ.Мүсірепов
4.Ә.Әбішов
5.Ә.Кекілбаев
54. С.Сейфуллин бейнесі қай шығармада бас қаһарманның прототипі ретінде алынған?
1.Ғ.Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне»
2.Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер»
3.Х.Есенжанов «Ақ Жайық»
4.Ә.Әбішев «Найзағай»
5.Ш.Мұртаза «Қызыл жебе»
55. «Қарағанды» романының бас кейіпкері кім?
1.Жанәбіл
2.Ермек
3.Ардақ
4.Щербаков
5.Мейрам
56. Ғ.Мұстафин әйгілі тары өсіруші бейнесін қай шығармасында сомдайды?
1. «Миллионер»
2. «Қарағанды»
3. «Көз көрген»
4. «Шығанақ»
5 «Ер Шойын»
57. Еламан қай шығарманың кейіпкері.
1. «Абай жолы»
2. «Ақ Жайық»
3. « Қан мен тер»
4. «Сырдария»
5. «Миллионер»
58. Д.Әбілевтің «Ақын арманы» кімнің өмір жолына арналған туынды?
1.Шоқан
2.Ахмет
3. Шәкәрім
4.Сұлтанмахмұт
5. Абай
59. «Ақ Жайық» романының авторы кім?
1.Т.Ахтанов
2.Ә.Сәрсенбаев
3.Х.Есенжанов
4.І.Есенберлин
5.Ғ.Қайырбеков
60. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнек қалай аталады? Мысалы,мынадай мақалда:
Су кірді тазартса,
Ақыл миды тазартады.
1.Синтаксистік параллелизм
2.Гипербола
3.Аллегория
4.Арнау
5.Дамыту
61. Литота ойды қлай бейнелейді?
1.Әсірелеу,ұлғайту
2.Салыстыра суреттеу
3.Мүлде құлдырата суреттеу
4Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту
5.Сөздердің мағынасын бұрып айту
62. Мәңгүрт Ш.Айтматовтың қай шығармасының өзекті кейіпкері?
1. «Жан пида»
2. «Ана-жер Ана»
3. «Қош бол, Гүлсары»
4 «Ақ кеме»
5. «Боранды бекет»
63. Б.Майлин оқыған «Ғалия» медресесі қай қалада орналасқан?
1.Қазанда
2.Омбыда
3.Орынборда
4.Уфада
5.Троицкіде
64. М.Жұмабаевтың бізге мәлім соңғы туындысы қалай аталады?
1. «Көкшетау»
2. «Шолпанның күнәсі»
3. «Жазғы дала»
4. «Қысқы жол»
5. «Тоқсанның тобы»
65. Романтик-ақын деп қай ақынды айтуға болады?
1. Б.Майлин
2. Ы.Алтынсарин
3. А.Байтұрсынов
4. М.Жұмабаев
5. Ж.Жабаев
66. Қай ақынды «қырғыздың (қазақтың) Пушкині» деп атаған?
1. І. Жансүгіров
2. М. Дулатов
3. Ы. Алтынсарин
4. А. Байтұрсынов
5. М. Жұмабаев
67. «Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам» - деген жолдарды қай ақын жазған?
1. Ә. Тәжібаев
2. Ә. Сәрсенбаев
3. М. Жұмабаев
4. А. Құнанбаев
5. С. Сейфуллин
68. «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның інісінің есімі кім?
1. Мағжан
2. Саян
3. Ноян
4. Саржан
5. Қалқаман
69. М. Жұмабаевтың қай шығармасы бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайында?
1. «Ертегі»
2. «Қорқыт»
3. «Жүсіпхан»
4. «Батыр Баян»
5. «Тоқсанның тобы»
70. «Батыр Баян» поэмасындағы негізгі трагедия қандай?
1. Батырдың атының мерт болуы
2. Баянның інісі мен сұлу қалмақ қызын өлтіруі
3. Баянның өз әкесін өлімге кесуі
4. Қалмақ қызының Баянды өлтіруі
5. Баянды інісінің атуы
71. 1926 жылы жарық көрген қай шығармасы үшін М. Жұмабаевқа саяси кінә тағылды?
1. «Тоқсанның тобы»
2. «Қорқыт»
3. «Ертегі»
4. «Батыр Баян»
5. «Шойын жол»
72. Ж. Аймауытов қай жерде дүниеге келген?
1. Атырау облысы
2. Оңтүстік Қазақстан облысы
3. Жезқазған
4. Қарағанды
5. Павлодар облысы
73. «Ақбілек» романының авторы кім ?
1. М.Дулатов
2. Ж. Аймауытов
3. С. Мұқанов
4. Ғ. Мұстафин
5. Ғ. Мүсірепов
74. Ақбілектің сәбиінің аты кім?
1. Әбдірахман
2. Жанәбіл
3. Ескендір
4. Қасым
5. Зұлқарнай
75. Ақбілектің өмірлік жары кім?
1. Төлеген
2. Жорғабек
3. Жылтыр
4. Балташ
5. Бекболат
76. Ж. Аймауытовтың әдістемелік құралы қалай аталады?
1. «Тіл құрал»
2. «Педагогика»
3. «Тіл жұмсар»
4. «Комплекспен оқыту жолдары»
5. «Қазақ хрестоматиясы»
77. С. Сейфуллиннің шын аты кім?
1. Сайфулла
2. Сәлімгерей
3. Сәдуақас
4. Ақжігіт
5. Ибраһим
78. С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы қандай атпен басылып шықты?
1. «Қызыл сұңқарлар»
2. «Асау тұлпар»
3. «Өткен күндер»
4. «Альбатрос»
5. «Қызыл ат»
79. С. Сейфуллиннің қай өлеңдерінде этнографиялық жайттар бейнеленген?
1. «Жазғы түнде»
2. « Кел, жігіттер»
3. «Қамаудан»
4. «Жайлауда қымыз ішу»
5. «Жас қазақ марсельезасы»
80. «Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос» - деген жолдар С. Сейфуллиннің қай өлеңінен алынған?
1. «Өткен күн»
2. «Сағындым»
3. «Тұлпарым»
4. «Асығып тез аттандық»
5. «Жас қазақ марсельезасы»
81. «Оқ жетпес», «Қалмақ қызы» тараулары С. Сейфуллиннің қай поэмасында бар?
1. «Альбатрос»
2. «Экспресс»
3. «Көкшетау»
4. «Қызыл ат»
5. «Айша»
82. С. Сейфуллиннің поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген қандай тұрақты образдар бар?
1. Мырқымбай,Шоқпыт
2. Қарға,түлкі,қасқыр
3. Мысық,тышқан,арыстан
4. Асау тұлпар,аққу,экспресс
5. Трактор,ұшақ,комбайн
83. С.Сейфуллиннің новелласын белгілеңіз.
1. «Қорғансыздың күні»
2. «Шұғаның белгісі»
3. «Көксерек»
4. «Бандыны қуған Хамит»
5. «Шолпанның күнәсі»
84. С.Сейфуллиннің қай шығармасында атаман Анненковтың азап вагондары туралы айтылады?
1. «Айша»
2. «Жер қазғандар»
3. «Тар жол,тайғақ кешу»
4. «Бақыт жолына»
5. «Көкшетау»
85. Қай жазушыны «қазақтың Чеховы» деп атаған?
1. С.Мұқанов
2. Ғ.Мүсірепов
3. М.Әуезов
4. Ә.Кекілбаев
5. Б.Майлин
86. Б.Майлиннің тұңғыш прозалық шығармасы қалай аталады?
1. «Қанды тұман»
2. «Ауылда»
3. «Шұғаның белгісі»
4. «Құдық басында»
5. «Мұсылмандық белгісі»
87. «Кедей деп туғам,кедей деп өлем
Не көрсем де кедей көрем» - деген жолдарды қай жазушы жазған?
1. Б.Майлин
2. І.Жансүгіров
3. А.Құнанбаев
4.С.Мұқанов
5. М.Жұмабаев
88. Б.Майлиннің «Құдық басында» деген өлеңіндегі негізгі оқиға қандай?
1. Мырқымбайдың халық алдында есеп беруі
2. Мырқымбайдың қаладағы сьезге қатысуы
3. Өсекші әйелдердің жиналып ду әңгіме құруы
4. Бәйбішенің жаңа тәртіпке көне алмауы
5. Елді бүлдіріп жүрген саяси алаяқтардың қылықтары
89. Б. Майлиннің өлеңінен алынған үзіндіні белгілеңіз.
1. «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген»
2. «Ленинградтық өренім, мақтанышым сен едің!»
3. «Мен өзім тауда туып, тасында өстім...»
4. «- Уа, кімсіз?
- Ыбыраймыз.»
5. «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы...»
90. Сатирик – ақын деп кімді айтамыз?
1. М. Жұмабаев
2. М. Мақатаев
3. Ф. Оңғарсынова
4. Б. Майлин
5. І. Жансүгіров
91. «Майдан» пьесасының негізгі тақырыбы қандай?
1. Ұлы Отан соғысы
2. Азамат соғысы
3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
4. Бірінші дүниежүзілік соғыс
5. 1916 жылғы оқиғалар
92. «Майдан» пьесасындағы ұнамды кейіпкерлер кімдер?
1. Пүліш пен Әліш
2. Досан, Зәуре
3. Көдебай, Мамық
4. Бекболат, Олжабек
5. Асан, Моргунок
93. «Шұғаның белгісіндегі» сюжеттің шарықтау шегі (кульминациясы) не?
1. Әбдірахманды айдатып жіберу
2. Әбдірахманның Шұғаны көруі
3. Шұғаның Әбдірахманды ұнатуы
4. Шұғаның ауруға шалдығуы
5. Шұғаның қайтыс болуы
94. Шұғаның сүйіктісінің аты кім?
1. Есімбек
2. Айнабай
3. Әбдірахман
4. Беркімбай
5. Айтбай
95. «Шұғаның белгісі» хикаятының сюжеттік шешімі қандай ?
1. Шұға мен Әбдірахманның танысуы
2. Қыздың жігітке ғашық болуы
3. Әбдірахманның босатылуы
4. Шұғаның ауруға шалдығуы
5. Шұғаның қайтыс болуы
96. «Раушан – коммунист» хикаятындағы Раушанның күйеуі кім?
1. Әбдіш
2. Әжібек
3. Бәкен
4. Әбдірахман
5. Асқар
97. І. Жансүгіров қай жерде туған?
1. Павлодар облысы
2. Қостанай
3. Торғай
4. Семей
5. Алматы облысы
98. «Жүрегім, жырым, сенікі,
Кеңесті далам,
Кең далам,
Ен далам – анам,
Мен – балаң» - деген жолдардың авторы кім?
1. М. Жұмабаев
2. А. Байтұрсынов
3. М. Мақатаев
4. І. Жансүгіров
5. С.Сейфуллин
99. «Күйші» поэмасында қай ханның образы кездеседі?
1. Қасым хан
2. Абылай хан
3. Жәңгір хан
4. Кене хан
5. Әбілқайыр хан
100. Талант пен дарынсыз арасындағы күрес І. Жансүгіровтың қай поэмасында көрсетілген?
1. «Күйші»
2. «Дала»
3. «Құлагер»
4. «Күй»
5. «Исатай – Махамбет»
101. «Құлагер» поэмасында Ақан серінің қарсыласында қандай ат болған?
1. Көктұйғын
2. Ақсүр
3. Елікқұбақан
4. Сүрсерке
5. Аққанаткер
102. «Аспанда күн күйгіп, күйді қатты,
Өкіріп жел мен жер де жылап жатты.
Ереймен бұлақтары көлге жылап,
Серіге көл күрсініп, көңіл айтты»
Бұл жолдар қай поэмадан алынған?
1. «Күйші»
2. «Дала»
3. «Күй»
4. «Көкшетау»
5. «Құлагер»
103. «Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен». Бұл сөздерді М. Әуезов қай ақын туралы айтқан?
1. Ә. Сәрсенбаев
2. Ә. Тәжібаев
3. Ж. Жабаев
4. І. Жансүгіров
5. Б. Майлин
104. Жамбылдың Романовтар династиясының үш жүз жылдығына арналған көрме туралы жазған өлеңі туралы қалай аталады?
1. «Патша әмірі тарылды»
2. «Халықтың сәлемі»
3. «Өстепкеде»
4. «Қазақстан тойына
5. «Замана ағымы
105. Ж. Жабаевтың поэмасын көрсетіңіз.
1. «Альбатрос»
2. «Дала»
3. «Күйші»
4. «Қалқаман - Мамыр»
5. «Сұраншы батыр»
106. С. Мұқановтың автобиографиялық шығармасы қалай аталады?
1. «Ботагөз»
2. «Колхозды ауыл осындай»
3. «Өмір мектебі»
4. «Сырдария»
5. «Шоқан Уәлиханов»
107. «Сұлушаш» поэмасының авторы кім?
1. С. Сейфуллин
2. М. Жұмабаев
3. І. Жансүгіров
4. С. Мұқанов
5. Б. Майлин
108. «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың сүйіктісі кім?
1. Тілеуберді
2. Қайсар
3. Тұтқыш
4. Алтай
5. Ахмет
109. С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романының бастапқы аты қандай болды?
1. «Өмір мен өлім»
2. «Жұмбақ жалау»
3. «Адасқандар»
4. «Есею жылдары»
5. «Есіл»
110. «Мөлдір махаббат» романының басты кейіпкерлері
1. Бүркіт, Бәтес
2. Мүсәпір
3. Шоқпыт
4 Асқар
5.Амантай
111. «Балуан Шолақ» хикятын қай жазушы жазады?
1.Б.Майлин
2.С.Мұқанов
3.С.Сейфуллин
4.Ә.Кекілбаев
5.Ғ.Мустафин
112. «Ботагөз» романында Романовтар әулетінің таққа отыруының 300 жылдығына Итбайдың тілмашы болып кім барған?
1.Асқар
2.Амнтай
3.Кенжетай
4.Алексей
5.Темірбек
113. М.Әуезовтің пьесаларын көрсетіңіз?
1. «Кек», «Түркісіб»
2. «Шаншар молда», «Амангелді»
3. «Түнгі сарын», «Қарагөз»
4. «Шоқан Уалиханов»
5. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты»
114. М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасы қай оқиғаларға арналады?
1.Ұлы Отан соғысы
2. Шаруашылықты ұжымдастыру
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
4. 1836-1838 жылдардағы халық қозғалысы
5.Қазан төңкерілісі
115. «Қараш-Қараш оқиғасындағы» басты кейіпкер кім?
1.Сәт
2.Сәлмен
3.Тектіғұл
4.Бақтұғыл
5.Сейіт
116. М.Әуезовтыің қай шығармасын «ғасырлық туынды» деп айтады?
1. «Түнгі сарын»
2. «Қорғансыздың күні»
3. «Еңлік-Кебек»
4. «Абай жолы»
5. «Бүркітші»
Достарыңызбен бөлісу: |