Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет273/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жұтқыншақ
– біршама жіңішке және тікелеу орналасқан. Вольдейр сақинасына 7
без кіреді. Жаңа туған нәрестеде әлсіз дамыған бадамша безі тамақты қарағанда дұрыс
көрінбейді, тек бала жастан асқанда ғана оны көруге болады. Бадамша бездеріндегі
крипталар (кілегейлі өңдер) әлсіз дамыған, сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларда баспа
(ангина) сирек кездеседі. Одан әрі лимфоидты тінмен мен бадамша бездер шоғырланып,
қалыптан тыс біраз ұлғаяды. 4 жас пен 10 жас арасында ұлғаю шегіне жетеді, сондықтан
олардың гипертрофиясы жеңіл пайда болады.
Пубертатты кезеңде бадамша бездер қайтадан кішірейе бастайды және жыныс мүше-
лерінің қалыптасуы тоқтағаннан кейін бадамша бездерінің ұлғаюы өте сирек кездеседі.
Тамақ жоғарыдан жұмсақ таңдаймен, төменнен тілдің түбірімен және жан-жағынан
алдыңғы және артқы таңдай иіндерімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ұзынша үскін
түріндегі бос ұшы — тілшік деп аталады, ол ортаңғы сызық бойымен ілініп тұрады.
185


Бадамша бездері:
1. Тілдің түбіріндегі бадамша безі.
2. Таңдай иіндері арасындағы таңдай бадамша бездері екі жақта бір-бірден болады.
3. Жұтқыншақ бадамша безі мұрын-жұтқыншақ күмбезінде орналасады.
4. Түтікше бадамша бездері – есту түтіктерінің мұрын жұтқыншақ тесігінде,
екі жағынан бір-бірден орналасқан.
5. Көмей бадамша бездері көмей сағасы маңындағы алмұрт тәріздес үңгірінде, жалған
дауыс желбезегінде және көмей қарыншаларында, жүтқыншақтың артқы
қабырғасының екі жақ бүйірлі бөлігінде орналасқан. Барлық лимфоидты тканьдердің
шоғырлануы Вальдейердің тамақтағы лимфоидті сақинасы деп аталады.
Есту түтігі қысқа және жалпақ. Ересек балалар мен үлкендерге қарағанда, жас
нәрестелерде оның тесігі хоанаға, мұрын қуысына жақын және одан төмен орналасқан.
Осы себепті мұрын жұтқыншақтағы инфекциялы сөлініс есту түтігіне жеп-жеңіл түседі де,
жас нәрестелерде жиі кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуының негізгі себебі болады.
Көмей
– жас нәрестелерде оймыш (воронка) тәріздес, кейін цилиндр тәріздес
болады. Үлкендерге қарағанда, біршама жоғары орналасқан, жаңа туған сәбиде оның
төменгі ұшы ІV-мойын омыртқасының тұсына сәйкес келеді (үлкен кісілерде 1-1,5
омыртқаға таман). Көмейдің алдыңғы-артқы, көлденең қатты өсуі бір жаста және 14-16
жаста байқалады. Баланың көмейі үлкендердікінен ұзын. Шеміршегі нәзік, тілшік 12-13
жасқа дейін жіңішкелеу болады. Оны жас нәрестелердің тамағын қарағанда, оңай көруге
болады. Тілшік көмей сағасын толық жауып тұрмайды. 3 жастағы ер балаларда қалқанша
пластинкаларының бұрыштары үшкірлі болады да, 7 жаста біраз білініп тұрады. Ал, он
жастағы ер баланың көмейі үлкендердікіне өте ұқсас болады. Көмейдің кілегей қабаты
нәзік. Ол қан және лимфа тамырларына бай, серпінді ткані әлсіз жетілген.
7 жасқа дейін дауыс саңылауы енсіз, тар болып қалады. Жас нәрестелердің шын
дауыс желбезегі қысқа (сондықтан олардың дауысы қатты) болады. 12 жастан бастап қыз
балаларға қарағанда, ер балалардың дауыс желбезегі ұзара бастайды. Балалардың
көмейінің ерекшеліктеріне байланысты, оның қабынуы жиі кездесіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет