апноэсы
деп аталады.
ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұрын кішірек, үлкендерге және ересек балаларға қарағанда, түрі өзгешелеу.
Төменгі мұрын жолы болмайды, ол 4 жасқа таман пайда болады. Кілегей қабаты нәзік, қан
тамырларына бай, сондықтан оның сәл қызаруы мұрын жолының бітелуі баланың емуі
қиындап, ентігуі пайда болуына әкеп соқтырады. Кілегей асты қабатының үңгірлі тіні
нәрестелерде дұрыс жетілмеген, сондықтан оларда мұрыннан қан ағу сирек кездеседі
немесе тіптен болмайды.
Қосымша қуыстар:
этмоидальды, гайморов (мұрын маңы), сфеноидальды (негізгі)
қуыстар ұрықтың іште даму кезеңінде жетіле бастайды. Бірақ, бала дүниеге келгенде,
олардың тек ізі ғана білініп тұрады. Этмоидальды қуыс үш айдан бастап көрінеді де, 7 -12
жасқа келгенде толық жетіледі. Мұрын маңы қуысы да, үш айдан бастап білініп, 7 жасқа
келгенде толық жетіледі. Маңдай қуысы бала дүниеге келгенде тіптен жоқ болады, жәй
жетіліп, 7-ші жылда ғана дамиды. Толық жетілуі 15-20 жаста байқалады. Сфеноидальды
(негізгі) қуыс ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Рентген сәулесі арқылы тек
бала 7 жасқа келгенде ғана анықтауға болады. Ал, 15 жаста толық жетіліп бітеді. Жас-
мұрын каналы қысқа болады, оның сыртқы тесігі қабықтың бұрышына жақын орналасқан,
қақпақтары дұрыс жетілмеген, сол себепті мұрыннан инфекция коньюктивальды қалтага
жеңіл тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |