Сол өкпенің төменгі бөлігі 4 сегментке бөлінеді: базальды-ұшты (6), базальды-
алдыңғы (8), базальды - бүйірлі (9) және базальды - артқы (10).
49 сурет.
Өкпелердің сегменттік құрылысы
Балаларда көбіне белгілі бір сегменттердің қабынуы жиі кездеседі. Ол желдену
(вентилляция) ерекшеліктеріне,
бронхтардың, дренажды (функциясына) қызметіне
байланысты болады. Ал, оған секреттің жүруі және инфекцияның түсуі байланысты
болады.
Базальды ұшты сегмент (6)
жиі қабынады, себебі ол біршама бөлектене шеткері
орналасқан, оның бронхы басқа сегменттердікінен жоғарырақ бөлектене шығып, тіке
бұрыш жасап, алдына қарай бұрылады. Бұл (6) сегменттің бронхтың дренажын қиындатып
жібереді. 2 және 10 сегменттерде осыған ұқсас келеді.
Сондықтан, омыртқа маңындағы (паравертебральды) пневмониялар жиі кездеседі.
«Орта бөлік синдромы» – орта бүйірлі (4) және орта алдыңғы (5) сегментті бронхтар,
бронх, өкпе, лимфа түйіндерінің
аймағында
орналасқан. Олардың қуысы тар, ұзын және тіке
бағытанып бөлінеді. Сондықтан, бронхтар
үлкейген лимфа түйіндерімен оңай басылынып
қалады.
Жас нәрестелердің плеврасы (көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық)
жұқа, плевра қуысы оңай ысырылып тасталады.
Орталық көкірек қуысы балаларда, ересектерге қарағанда, көлемділеу келеді. Оның
жоғарғы бөлігінде трахея, ірі бронхтар, қалқанша без, лимфа түйіндері, артериялар, ірі
нерв сабақтары, төменгі бөлігінде жүрек, тамырлар және нервтер орналасады.
188