әскери жиындарға немесе әскери қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу
мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезінде;
2) ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және құқық қорғау органдарына қызметке кіретін
азаматтарға психологиялық-физиологиялық іріктеуді жүзеге асыру кезінде;
3) әскери қызметті (әскери жиындарды) немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы,
құқық қорғау органдарындағы қызметті өткерген әскери қызметшілердің немесе
азаматтардың мертігуінің, ауруының себепті байланыстарын айқындау кезінде;
4) азаматтар әскери қызметтен немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық
қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде
олардың денсаулық жағдайы
бойынша әскери қызметке немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау
органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезінде;
5) әскери қызметшілердің, әскери міндеттілердің, қызметкерлердің
әскери қызмет
(әскери жиындар) немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау
органдарындағы қызмет кезеңінде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе
ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған-
нан кейін әскери қызметті (әскери жиындарды) немесе ұлттық қауіпсіздік
органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметті
өткеру кезеңінде алынған
мертігу, ауру салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланыстарын
айқындау кезінде жүргізіледі.
3. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, ұлттық қауіпсіздік және ішкі
істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізеді.
4.
Достарыңызбен бөлісу: