1. Әйелдердің ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларына (жасанды
инсеминацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға) құқығы бар.
2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің
тәртібі
мен
шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын
қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалану кезінде
болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.
4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін
алуға болмайды.
5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей
түрлерді өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: