100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек 1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты
көтеріп жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтеруді
және мерзімінен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.
2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық,
соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы
медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат
ана бола алады.
3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың
құқықтары және келісім-шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы
заңнамасымен реттеледі.