98-бап. Бедеуліктен емделу
1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында, жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына
сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың
қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігі,
қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және
құқықтық салдарлары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың организмге
әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге
құқығы бар.
2. Тіркелген, некеде тұрған адамдардың ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен
технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |