тізбесін , сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің
тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді.
5. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Pecпубликасының денсаулық
сақтау саласындағы
заңнамасына сәйкес мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-
қарауға жататын қызметкерлердің осындай тексеріп-қараудан уақтылы өтуін қамтамасыз
етеді.
6. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай және іріктелген болып
бөлінеді.
Жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау ауруларды ерте сатыларында
анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер
факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту
мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай әдіспен жүргізіледі.
Іріктеп медициналық тексеріп-қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер
то-бына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олардың ауруларын емдеу және
денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында
жүргізіледі.
7.