Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет178/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Саноториялық маңызды ем
жолдарының бірі болып келеді. 
Диспансерлік бақылау.
Емханалық сатының негізгі міндеті болып ауруларды бақылау 
және оларды ремиссия кезінде емдеу, уақытымен диагноз қою, сонымен қатар үйдегі 
асқынған (қайта өршіген) ауруларды дер кезінде ауруханаға жатқызу, емдеу болып 
саналады. Педиатриядың бақылау жиілігі жылына 2-3 рет болуы керек. 
8. АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР 
Аллергия термині – (грек. – allos – басқа, бөтен: ergon – әсер) 1906 жылы 
австриялық педиатр Клименс фон Пирке (C.von Pirguet) сарысуды емдік мақсатпен 
қайта енгізгеннен кейін жоғары сезімталдықтың (гиперсезімталдықтың) өзгерген 
жағдайын анықтау үшін енгізілген. 1921 жылы Праусниц пен Кюстнер (C.Pausnitz, 
H.Kustner) жедел түрдегі гиперсезімталдық реакциялары қандағы сарысу құрамындағы 
антиденелерден туындайтынын көрсетті. 1925 жылы А. Кока және Е. Гровенің 
(A.F.Coca, E.F.Grove) ұсынысымен жедел түрдегі гиперсезімталдықтың дамуын 
анықтайтын антиденелерді реагиндер деп атай бастады. 1967 жылы К. Ишизака и Т. 
Ишизака (R.Ishizaka, T. Ishizaka) иммуноглобулиндердің жаңа класы – IgE сипаттады 
және реагиндер иммуноглобулиндердің дәл осы класына жататыны анықталды.
Қазіргі уақытта «аллергия» термині сенсибилизацияланған ағзада гиперэргиялық 
қабыну немесе шок түрінде көрінетін антигендік табиғатты заттарына ағзаның
гиперсезімталдығын белгілеу үшін пайдаланады.
Атопия – аллергияның жекеленген түрі (жағдайы): антигендік табиғатты заттарына 
гиперсезімталдық 
жағдай, 
ол 
арнайы 
антидене 
– 
IgE-нің 
құрылуымен, 
иммунопатологиялық реакциялардың 1-ші түрімен өтеді. 
Таралуы.
Жер шары тұрғындарының 10-13%-да аллергиялық (атопиялық) диатез-
дер, яғни тұқым қуалау, туа біткен және пайда болған иммунитет, зат алмасу, нейро-
вегетативтік жүйенің ерекшеліктері салдарынан, болашақта аллергиялық реакцияның 1-
ші типі және аллергиялық аурулар дамуы байқалатын сенсибилизацияға бейімділік 
болады. Рой Паттерсонның мәліметтері бойынша (1997 ж.), тұрғындардың 20% 
аллергиялық ауруларымен, 10% – аллергиялық генезді созылмалы аурулармен ауырады. 
Этиологиясы.
Әртүрлі дәрежедегі аллергиялық бұзылыстар терідегі реакциялар-
дан анафилактикалық шокқа дейін аллергияға бейім келетіндерде аллергендермен (ан-
тиген) аллергиялық әсер тудыра алатын анигендермен байланысы нәтижесінде дамиды.
Толыққанды аллергендер мен гаптендерге бөлек қарайды. Толыққанды аллергендер – 
ақуыздар немесе жоғары молекулярлы салмақты гликопротеиндер болып келеді.
Гаптендер – молекулярлық салмағы төмен, адам ағзасында ақуыздармен ковалент-
тік байланыс құрғаннан кейін толққанды аллергендердің қасиеттеріне ие болады.
Балалардағы атопиялық аурулар экзогенді, көбіне инфекциялық емес, аллерген-
дерге сенсибилизация салдарынан болады. Экзогенді аллергендердің негізгі топтары.
1. Аэроаллергендер – ауада көп мөлшерде кездесетін аллергендер: 

шаңдық аллергендер (ағаш ұнтақтары, күл, арамшөптер);


299 

үй шаңының аллергендері (үй шаңының аллергендерінің жиынтығы, үй 
шаңының кенелерінің аллергендері, қоңыздар аллергендері); 

саңырауқұлақ аллергендері (үй ішіндегі, үйден тыс)

эпителийлер және басқа жануарлар аллергендері; 
2. Тағамдық аллергендер. 
3. Дәрілік аллергендер. 
4. Шағатын жәндіктер уы аллергендері. 
5. Өндірістік химиялық және биологиялық заттар. 
Жіктелуі.
Аллергиялық ауруларды сипаттағанда нозологиялық және этиологиялық 
ұстамдарды пайдаланады. 
Нозологиялық ұстаным негізгі болып табылады және диагнозды нақты аурудың 
атауының жазылуын қадағалайды.
Аллергиялық ауруларға поллиноз, атопиялық дерматит, Квинке ісігі, 
анафилактикалық шок, сарысу ауруы, аллергиялық ринит, жоғары тыныс жолдарының 
басқа аллергиялық аурулары (фарингит, ларингит, трахеит); бронхиальды астма, 
экзогендік аллергиялых альвеолит жатады. 
Этиологиялық ұстаным, науқаста патологиялық құбылысқа бірнеше мүше және 
жүйелері араласқан болса, пайдаланылады. Ол алдымен бұзылу себептерін көрсетуді, 
мысалы, тағамдық аллергия, дәрілік, инсектік аллергия, кейін нақты клиникалық 
белгілерін анықтауды қадағалайды. 
Соңғы жылдары педиатрияда атопиялық ауру немесе «атопиялық марш» деген 
терминдер қолданылады. Бұл арнайы IgE-нің көп мөлшерде түзілуіне, экзогендік 
инфекциялық емес аллергендерге бейімді келетін балаларда және патологиялық 
құбылысқа ағзаның (организмнің) бірнеше жүйесі араласатын балаларда дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет