Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет176/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

дистелектатикалық; ателектаз
гипоателектаз және эмфизема
бөліктері бірінен соң бірі кезектесіп отырады, бірақ 
ауалық бөлігі, соның ішінде эмфизематоздық альвеолалар бөлігінің көптігі сондай, 
сегмент өзінің көлемін сақтап қалады. 
Пневмосклероздың дамуының 2 дәрежесі – 
гипоателектаздық дәрежесі
; кей 
жерлерде толық ателектазы бар бөлігі гипоателектаздық бөлікпен кездесіп отыратын, 
ауалық бөлігі жартылай сақталып қалған өкпе тінінің болуымен сипатталады. Алайда, 
сегменттің үрленіп тұруы – оның алғашқы көлемін сақтауы үшін жеткіліксіз. 
Пневмосклероздың ателектаздық сатысы
– 3 дәрежесі. Бұнда өкпе тінінің үрленуі 
жоғалған, өкпе тіні склероз (дәнекер) тінімен алмасқан, барлық ұсақ бронхтар және қан 
тамырлары склероз тінімен сығылған және кей жерлерде бітеліп, тығындалып қалады. 
Бронхтардың сипаты бойынша: 
Бронхтар зақымдалған болса, деформацияланған бронхитті сипаттайды: 
катаральды эндобронхит, катаральды- іріңді эндобронхит. 
Бронхоэктаздар – цилиндр тәріздес және аралас. Қапшық тәріздес және аралас 
түрлерінде көбіне іріңді эндобронхиттер кездеседі.
Бронхоэктазға 
тән белгі – қақырықты жөтел. Алғашында қақырық көлемі аз және ол 
көбіне ертеңгілік мезгілде байқалады немесе еңкейгенде пайда болады. Қақырық 
қойыртпақтанған бөлек – бөлек «тиындар» түрінде шығады және барлық уақытта оның 
жағымсыз шіріген иісі болады. Бірте-бірте қақырық мөлшері ұлғаяды, әрқашан бет 
әлпетінің боздығы, интоксикация белгілері, тыныс жетіспеушілігі назар аударады. 
Туа біткен бронхоэктаздар басқа ақаулармен бірге қатар жүріп отыруы мүмкін. 
Бронхоэктаздар бронхография әдісі бойынша анықталады, ал оның морфологиясы 
бронхоскопия арқылы суреттеледі. 
Зақымдалған сегменттердің орны рентгенобронхиальдық зерттеулер бойынша 
анықталады. 
Жалпы жағдайы бойынша: 
Жеңіл
– қайта өршу жылына 1-2 мәрте байқалады, қайта өршу кезінде жалпы күйі
онша өзгермейді, тыныс жетіспеушілігі байқалмайды, қабыну процессі бір орында тұрады, 
асқынбайды. Сауығу кезеңінде баланың денсаулығы жақсы деп есептелінеді. 
Орташа 
– жылына қайта өршу кемінде 1-2 рет, айына 1-2 реттен жиі емес
интоксикация мен тыныс жетіспеушілігі белгілері және кеуде пішінінің өзгеруі байқалып 
отырады, біршама эмфизема пайда болады. Ремиссия кезінде эмфизема және кеуденің 
кішігірім деформациясы қалады және үстеме жұмыс кезінде тыныс жетіспеушілігі 
байқалып отырады. 
Ауыр
– қайта өршу жиі байқалады. Тыныс жетіспеушілігі мен интоксикация 
белгілері, асқынулар айқын білініп отырады, ішкі мүшелердің қалыпты жұмысы 
бұзылады. Ремиссия кезеңі ұзаққа созылмайды, ол тұрақты емес және диффузды 
пневмосклероз, бронхоэктаздың іріңді бронхитті түрі, тыныс жетіспеушілігі және жүрек
жетіспеушілігі байқалады.
Кезеңдері (даму барысы) бойынша
: қайта өршу кезеңінде жөтел күшееді, қақырық 
мөлшері артады, дене қызуы көтеріледі, тыныс жетіспеушілігі, интоксикация белгілері 
және басқа мүшелердің зақымдалу белгілері анықталады. Қанда эритроциттердің тұну 
жылдамдығы артады, нейтрофильді лейкоцитоз анықталып, γ-глобулиндер көбееді. С- 
реактивті белок анықталады. Бұл белсенділік көрсеткіштері ремиссия кезеңінде жойылып 
кетеді.
Созылмалы пневмонияның клиникалық белгілерінің полиморфизмі асқынулар 
дәрежесіне де байланысты болып келеді. 


296 
Өкпе эмфиземасы – өкпе созылмалы обструктивті эмфизема. Қазіргі кезде эмфизе-
маның әлеуметтік мәні бар. Клиникалық суреттемеде алдыңғы орында ауыр дәрежелі 
тыныс жетіспеушілігі (тыныштық кездегі демікпе, құрғақ жөтел, өте аз қақырық, перкус-
сиялағанда – өкпе дыбысының қысқаруы) тұрады. Тыныс әлсіреп, тыңдағанда құрғақ 
ысқырықты және ылғалды сырылдар естіледі. Жүре шектері кішірееді, тондары әлсірейді.
Рентгенде өкпе тіні эмфизематозды түрде кеуіп, қабырғалар көлденең орналасады, 
көк ет төмен ығысады. Өкпе эмфиземасына тән белгілерге өкпенің жалпы 
сиымдылығындағы тыныс көлемінің тұрақты ұлғаюы жатады.
Cor pulmonum – патогенетикалық негізінде өкпе гипертензиясы жатады. Сонымен 
қатар, іріңдіктер, пиопневмоторакс, спонтанды пневмоторакс, амилоидоз анықталуы 
мүмкін. Бронх-өкпе жүйесінің ақаулары нәтижесінде қалыптасқан созылмалы қабыну 
аурулары бөлек топ құрайды. Бірақ, оларда да емдеудің әсерінен процесс тұрақталуы 
мүмкін. Созылмалы пневмониясы өте ауыр брохиальдық обструкциямен өтетін ауруларға 
көп көңіл аудару керек. Обструктивті зақымдалдың болуы қортындыны қиындатады, 
кейде балалық шақта өкпе-жүрек жетіспеушілігінің пайда болу мүмкіндігі арытады.
Созылмалы пневмонияның ажырату диагнозы тыныс мүшелерінің ауруларымен 
жүргізіледі. Яғни, созылыңқы сегментарлы пневмония, тыныс мүшелерінің ауруларымен 
қатар, жүйелік және тұқым қуалайтын аурулар, өкпе туберкулезімен жүргізілуі керек. 
Анамнезінде – клиникалық мағлұматтармен қатар, рентгенобронхолық зерттеулердің 
шешуші маңызы үлкен. Диагноз тек бронхографиядан кейін ғана күмәнсіз қойылады. 
Созылмалы пневмонияның толық және дұрыс арнайы бөлімдерде жүргізіледі.
Тұқым қуалайтын дерттің бар-жоғын ажырату үшін мұқият жиналған анамнез бен 
ата-тектеріндегі ауру шежіресін анықтау өте қажет. Өкпе дертінің басқа бір (жүйелі) 
аурудың салдары болуы мүмкіндігін (муковисцидоз, тұқым қуалайтын иммундық жетіс-
пеушіліктер және т.б) ұмытпаған жөн. Муковисцидоз диагнозын қою үшін біраз сынақтар 
қолданылады, бірақ олардың ішінен ең кең таралған – генетикалық тексеріс және тер 
құрамындағы натрий мөлшерін пилокарпин электрофарезі арқылы анықтау [сау балалар 
50 ммол/л-ден кем, ал, ауруда – 60 ммоль/л-ден артық болады]. СП-мен ауыратындардың 
арасында А-иммундық глобулиннің мөлшерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Өкпе туберкулезінен ажыратқанда, анамнез (туберкулезбен ауыратын адамммен 
қатынаста болу, туберкулезге қарсы егілу, биологиялық сынақтар жайы, дене қызуы), 
клиникалық-рентгендік көрсеткіштер, биологиялық сынақтар еске алынуы керек. Күдікті 
жағдайларда Манту сынамасы, Пирке реакциясы қойылып, жергілікті туберкулин сынама-
сы нәтижесіне және басқа тексерулер нәтижелеріне баға беріліп, қортынды жасалады. 
Туберкулезде көбінен өкпенің жоғарғы бөлігі ұшыраса, СП төменгі және ортаңғы 
бөліктерде жиі байқалалады. Туберкулезбен ауыратын балаларда физикалық белгілер аз 
болып келедіде, науқастың жалпы хал-жағдайы қалыптыдан көп өзгере қоймайды.
Емі.
СП-мен ауырған науқастардың емі сатылы, әр ауруға жеке оңтайландырылып 
(кеселдің кезеңі, қайталау жиілігі, қосалқы аурулардың болуы) жүргізілуі керек. Қайталау 
кезінде науқастар ауруханада емделгендері жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет