Аминдер. Ароматты аминдер. Амин қышқылдары Аминдер



Дата26.01.2023
өлшемі118,18 Kb.
#166513
Байланысты:
Аминдер.Амин қышқылдары


Аминдер. Ароматты аминдер. Амин қышқылдары
Аминдер - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы көмірсутек радикалына алмасқан аммиактың туындылары.
Мысалы: СН32-метиламин, (СН3)2NН-диметиламин, (СН3)3N-триметиламин
2-амин тобы деп аталады.Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты (С2Н5-NН2 ) және ароматты (С6Н5-NН2 ) болып бөлінеді.Аммиактағы көмірсутек радикалына алмасқан сутек атомының санына қарай аминдер: біріншілік, екіншілік, үшіншілік болып бөлінеді.Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер т.с.с болып бөлінеді.
Алу әдістері:
1. Нитроқосылыстарды өршіткі (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандыру арқылы:
С6Н52+3Н2→ С6Н52+2Н2О
Зинин реакциясы (1842 ж) :
С6Н52+3Н2S→ С6Н52+3S+2Н2О
Физикалық қасиеттері:
Алифатты аминдергаз тәрізді заттар, суда жақсы ериді.Иістері аммиактың иісіне ұқсас.Ортаңғы аминдер-сұйық заттар, иістері балықтың иісіне ұқсас.Құрамында көміртек атомы көп аминдер-иіссіз, қатты заттар.Аминдер-органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері:
1. Протон қосып алуы:
3+НОН→[NН4]++ОН-
С2Н5-NН2+НОН→[С2Н5-NН3]++ОН-
2. Қышқылдармен әрекеттеседі:
С2Н5-NН2+НСІ→ [С2Н53 ]+СІ-
3. Ауада жанады:
4СН32+9О2→4СО2+10Н2О+2N2

Аминқышқылдары дегеніміз – молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын заттар.
Оларды карбон қышқылдарының туындылыры деп қарастыруға болады, себебі молекула құрамындағы көмірсутек радикалдарындағы сутегі атомын аминтопшасы орнын басқан.

Амин қышқылдарының кейбір өкілдері




Қышқылдардың аты

Формуласы

Аминсірке
Аминпропион
Аминмай
Аминвалериан
Аминкапрон
Аминэнант

H2N – CH2 – COOH
H2N – CH2 – CH2 – COOH
H2N – CH2 - CH2 – CH2 – COOH
H2N – CH2 – CH2 – CH2 - CH2 - COOH
H2N – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – COOH
H2N – CH2 – CH2 – CH2 –CH2 – CH2 – CH2 – COOH

Біздің қарастырғанымыз құрамында бір амин тобы – NH2 және бір карбоксил тобы - CООН бар қарапайым, қаныққан қатардағы аминқышқылдар. Оларды молекула құрамындағы радикалдың сутек атомының біреуінің орнын – NH2 амин тобы басқан карбон қышқылдары деп қарауға болады.


Аминқышқылдары – гетерофункционалды қосылыстар
– NH2 амин тобы
– COOH карбоксил тобы
– SН тиол тобы
– ОН гидроксил тобы

Алу әдістері:
1. Практикада аминқышқылдарын көбіне белоктарды гидролиздеу арқылы алады, ал қоспадан бөліп алу үшін хромотаграфия әдісі қолданылады.
2. Синтездік алыну әдісі органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысқа негізделген:
СН3СООН + Сl2  СН2 – СООН + НСl
с ірке қышқылы Сl
хлорсірке қышқылы

СН2 – СООН + NH3  CH2 – CООН + НСl


| |
Cl NH2
хлорсірке қышқылы аминсірке қышқылы



Физикалық қасиеттері:
Аминқышқылдыры – суда жақсы еритін түссіз кристалл заттар, жоғары температурада балқып, ыдырайды. Спиртте нашар ериді және эфирде тіпті ерімейді.Көпшілік α – аминқышқылдарының дәмі тәтті болады.
Химиялық қасиеттері:
Аминқышқылдарында екі түрлі функционалдық топтар болғандықтан, химиялық қасиеттерін төмендегідей жіктеп қарастырамыз:
Аминқышқылдары әр түрлі қасиет көрсететін екі функционалдық топтары бар екідайлы қосылыстар.Амин тобы негіздік, ал карбоксил тобы қышқылдық қасиет көсетеді.
1.Бір аминқышқылың өзінде карбоксил тобындағы сутек атомы амин тобына ауысып, аминқышқылдарының ерітіндісі бейтарап орта көрсетеді, нәтижесінде, биполярлы иондар түзіледі:
2-СН2-СООН = NН3-СН2-СОО
2.Негіздермен әрекеттесуі (қышқыл ретінде):
Н2С – СООН + NаОН  Н2С – СООNа + Н2О
| |
NH2 NH2
α- аминсірке қышқылы α- аминсірке қышқылының
(глицин) натрий тұзы( глицинді натрий тұзы)
3.Қышқылдармен әрекеттесуі (негіз ретінде):
O
//
Н2С – СООН + Н+Cl-  H2C – C Cl -
| | \
NH2 NH3 OH
α -аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының
(глицин) хлориді (тұз)
Сөйтіп аминқышқылдары екі жақты қасиет көрсететін органикалық екідайлы қосылыстар.
4.Спирттермен әрекеттесуі:
O O
// //
Н2N – CH2 – C + С2Н5ОН  H2N – CH2 - C
\ \
OH OС2Н5
α-аминсірке қышқылы этил спирті α-аминсірке қышқылының этил
эфирі .


Үйге тапсырмасы
1. Метиламинді мынадай қосылыстарға қалай айналдыруға болады?
А)[СН33]+СІ-; ә) СН3NНСНСН3
2. Ароматты аминдер дегеніміз қандай аминдер, мысалдар келтіріңдер.
3. Аминқышқылдарының маңызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет