Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет255/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Бірінші сатысы:
тамырдың ішкі эластикалық жайылмасында жарылудың немесе 
«сызаттың» қалыптасуы. 
Екінші сатысы:
осы мүкістіктің бұлшықет жасушаларымен толуы және «бұлшықет-
эластикалық жайылманың» қалыптасуы. 
Үшінші сатысы:
тамырдың өзгерген аймағында коллаген, кальций, липоидтар 
жиниақталады да, «эластикалық гиперпластикалық жайылма» қалыптасады. Тамыр 
қабырғасындағы өзгерістер, әдетте қайта қалыптаспайды және «...екіншісінің пайда болу 
барысында, патогенетикалық драманың таза липоидты актасы атеросклероздың қортынды 
морфологиясын және клиникалық көрінісін береді» (Воронцов И.М., 1999). 
Атеросклероз-тұқым қуалаудың ультифакториальды ауруы,
бірақ оның аутосомды-
доминатты моногенді детерминирленген түріде (отбасылық дислипидемия) болады. 
Атеросклероздың қаупі, жақын туысқандарында 50 жасқа дейін жүрек ишемиялық 
ауруларының клиникалық көріністері айқын білінген, балаларға туады. Бұл топтағы 
балаларда қанның құрамындағы липоидті спектрінің айтарлықтай өзгерістері анықталады. 
Жалпы холестерин мөлшері айтарлықтай жоғары болады. Атеросклеротикалық 
қатпарлардың пайда болуының алғашқы себептерінің бірі қабыну процессі дегенде 
көзқарастар бар. Бұнда қабынудың катализатор ролінде инфекциялық агенттер (хламидия, 
цитомегаловирус және басқалар) шығуы мүмкін. Инфекциялық-қабыну және иммундық 
жауаптың нәтижесі болып келеді: 
- жоғарыда көрсетілген тамыр қабырғасындағы өзгерістер; 
- атеросклеротикалық қатпарлардың (зақымдалған тамыр қабырғасында атерогенді төмен 
тығыздықты липопротеиндер фракциясының жинақталуына әкелетін) қалыптасуы. 
Қазіргі кезде қалыптасуында иммундық жүйенің ерекшеліктерінің маңызы бар 
екендігі талас тудырмайды. Төмен тығыздықтықты липопротеиндердің деңгейі мен 
айналымдағы кішкене мөлшерлі иммундық кешендер санының арасында тіке байланыс 
анықталған; атеросклероз даму «қаупі» топқа кіретін балалар қанында, құрамына 
холестерин кіретін айналымдағы иммундық кешендер, 2 есе артық болып келеді. Балада 
атеросклероз даму қаупі болса (семіздік, артериальды гипертензия, липидтік алмасудың 
бұзылуы, қант диабеті, гипотиреоз, персистирленген «баяу» инфекция, шылым шегу және 
т.б.) ерте балалық шақтан бастап атеросклеротикалық аурудың алдын алу шараларын іске 
асыру керек.
9.8. ДӘНЕКЕР ТІНДЕРІНІҢ ИММУНОПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ 
Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары
(к оллагенозд ар, 
ревматикалық аурулар) бір топқа патоген езі мен клиникалық белгілерінің 
ұқсастығына байланысты енгізілген; олар дәнекер тінідерінің әртүрлі 
аймағының қабынулық өзгерістерімен байланысты .
Жүйелік зақымдалуымен, 
рецедивтілігімен және үдемелілігімен сипатталады. Мысалы, ревматоидты артрит 
негізінен 
буындардың 
созылмалы 
зақымдалуымен, 
склеродермия 
– 
терінің 
тығыздалуымен, дерматомиозит – тері және бұлшықеттің қабынуымен және т.б. білінеді. 


417 
Солай бола тұрсада бұл аурулардың әрқайсысында да көп мүшелер зақымдалады, 
сондықтан бір белгі әртүрлі ауруларда байқалып, оларды анықтауды қиындатады. 
Жиілігі бойынша балаларда бірінші орында ювенильді ревматоидты артрит (ЮРА), 
содан кейін – склеродермия (СД), жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дерматомиозит (ДМ) 
тұрады.
Бұл топтағы аурулардың клиникалық маңызы анықтаудың қиындығына, 
ауруханада ұзақ жатуына және еміне, жағымсыз ақырына, жиі мүгедектік байқалатынына 
байланысты болып келеді. 
Ревматикалық аурулардың 
жұмыстық жіктелісі
және номенклатурасы ІІІ 
бүкілкеңестік рематологтар съезінде 1985 жылы қабылданды. Оның негізіне 
патогенетикалық қағида алынған. Бұл ауруларды емдеу тактикасының бір 
бағыттылығында біріктіреді. Бұл жіктелісті дайындау барысында Америка ревматологтар 
қауымдастығы қабылдаған жіктеліс (1983) ескерілген және ұлттық жіктеліскеде (ГФР, 
1979) қайшы келмейді. Сол сияқты Жұмыстық жіктеліс ХАЖ-де (МКБ) қайшы келмейді: 
І. Ревматизм
ІІ. Дәнекер тіндірінің диффузды аурулары: 
1.0 Жүйелі қызыл жегі 
2.0 Жүйелі склеродермия
3.0 Диффузды фасциит
4.0 Дерматомиозит (идиопатиялық, паранеопластикалық) 
5.0 Шегрен ауруы 
6.0 Дәнекер тінінің аралас аурулары 
7.0 Ревматикалық полимиалгия 
8.0 Рецедивті полихондрит 
9.0 Рецидивті панникулит (Вебер-Крисчен) 
ІІІ. Жүйелі васкулиттер: 
1.0 Түйінді полиартериит 
2.0 Гранулематозды артерииттер: Вегенер гранулематозы, эозинофильды васкулит.
Такаясу бейарнамалық аортоартерииті. 
3.0 Гиперергиялық ангииттер: геморрагиялық васкулиттер, Гудпасчер синдромы 
IV. Ревматоидты артрит 
V. Ювенильды артрит 
1.0 Ювенильды ревматоидты артрит 
2.0 Ювенильды созылмалы артрит 
VI. Анкилоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы) 
VII. Спондилитпен қосарланған артриттер 
VIII. Инфекциямен байланысты артриттер: 
a.
Инфекциялық артриттер
б. Реактивті артриттер 
IХ. Микрокристаллдық артриттер: подагра, хондрокальциноз. 
Х. Остеоартроз 
ХІ. Буындардың басқа аурулары 
ХІІ. Ревматизм емес аурулардағы артропатиялар 
ХІІІ. Буыннан тыс жұмсақ тіндер аурулары 
Х IV.Сүйек, шеміршек аурулары және остеохондропатиялар. 
Науқаста дәнекер тіндерінің жүйелі ауруы клиникалық белгілері және бейарнамалы 
антиденелер анықталып, бірақ нақтылы ауру диагнозын қоятын нақтылы белгілер 
жиынтығы болмаса, «дәнекер тінінің жіктелмеген ауруы» деген термин қолданылады.
9.8.1. ЮВЕНИЛЬДЫ РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ 
Ювенильды ревматоидты артрит (ЮРА немесе ювенильды идиопатиялық 
артрит) – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет