Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет258/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

жүйелік түріне
ерекше көңіл аудару керек. Олар ересек адамдарға (10-
20%) қарағанда балаларда айтарлықтай жиі кезедесді және бес диагностикалық 
белгілерден тұрады:
1.
қызба; 
2.
бөртпе; 
3.
лимфоаденопатия;
4.
гепатолиенальды синдром; 
5.
артралгия/артрит. 
Қызба босаңсымалы аралық (интермиттилеуші) немесе босаңсымалы (ремиттирлеу-
ші) сипатты болып, 39,5-40
о
дейін көтеріледі, жиі азапты қалтыраумен байқалады, 
антибиотиктік түсіре алмайды, тек жоғары мөлшердегі қабынуға қарсы, әсіресе предни-
золон, ем әсер етеді. Қызудың көтерілуі кешкісін және\немесе ертеңгісін көтеріледі, дене 
қызуы жоғары көтерілген кезде бала өзін ауру сезінеді, ал қызу түскен кезде науқас 
белсенділік көрсетеді. Егер қызба тұрақты болса басқа аурулар туралы ойлау керек.
Әдетте, макулезді сипатты, полиморфты, тұрақсыз, қызу көтерілген кезде гүлдене 
түсетін, қызу қалыптасқанда қызғылттанатын (егер бір элемент 24 сағат жойылмай 
тұрақты байқалса, ол ревматоидты емес деген пікір бар) 
ревмотоидты бөртпе
кездеседі.
ЮРА-ға 
буыннан тыс көріністер
тән: экссудативті перикардит, миокардит, эндокардит, 
плеврит, пневмонит, гломерулит, негізінен қолтықасты, шап, және мойын лимфа түйіндері 
ұлғаятын лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Кейбір көптеген буындар және айқын 
жүйелі зақымдалу байқалатын ауруларда бірнеше жылдан кейін бүйрек амилоидозы 
дамиды.
Жоғарыда берілген бес диагностикалық критериялардың ішінде ең маңыздысы тірек-
қимыл жүйесінің зақымдалуы маңызыды болып келеді. Бірінші төрт белгі қамтитын айқын 
артритпен бірігіп байқалған жағдайда, 
Стилл аурумен
білінетін ЮРА туралы сөз болады.
Бірінші төрт клиникалық белгінің артралгиялармен қосарланып байқалуы
Висслер-
Фанкони субсепсисі (псевдосепсис, аллергосепсис
)

ретінде қарастырылады. Көбіне кесел 


421 
дұрыс емес жоғары қызба, полиморфты макулопапулезды, уртикарлы, көбіне барлық 
денеде, аяқ-қолда, зақымдалған буындар бетінде орналасатын бөртпелер пайда болып, 
жедел басталады. Науқас баланың көбінде буындардың ауырсынуы артралгия типтес 
болады, буын-дардың өзгеруі сиректеу кездеседі. Висцеральдық көріністерден мио- және 
перикардиттер, плевриттер түрінде жүрек зақымдалуылары жиі байқалады. Шеткі қан 
анализінде 30-50х10
9
/л-ге дейінгі солға ығысқан нейтрофильді лейкцитоз (тіпті лейкемия-
лық реакцияға дейін), ЭТЖ-нің 60-70 мм/сағатқа дейін көтеріледі. Әртүрлі дәрежедегі 
анемия бұл дерттің жиі байқалатын көріністерінің бірі болады. Тромбоциттер саны әдетте, 
жоғарлайды. Тромбоцитопения, әдетте бұл ауруды жоққа шығаратын белгі болып келеді. 
Аурудың жартысына жуығында өткінші протеинурия (42%) және гематурия (23%) 
байқалады. Қабыну процессінің активтілігінің көрсеткіштерінде де (протеинограмма, 
фибриноген, сиал қышқылының титрі, иммуноглобулиндер) айтарлықтай өзгерістер 
байқалады. Субсепсис толқын тәрізді ағыммен сиптталады және өзіне сәйкес ем 
жүргізілсе, бір-екі рецидивтен кейін сауығып кетеді. Басқа жағдайларды патологиялық 
процесс буындарға орналасып, ауру ЮРА бейнесін қабылдайды.
Диагностика 
негізінен клиникалық көріністеріне негізделеді:
 А. Клиникалық белгілер

1. Арудың 16 жасқа дейін басталуы; 
2. Ісінумен/сұйықтықпен немесе келесі белгілердің ең болмаса екеуі анықталатын (функ-
циясының шектелуі, буын контрактурасы, сипағанда ауырсынуы, жергілікті қызудың 
көтерілуі, бұлшықеттік атрофия) бір немесе одан көп буындардың зақымдалуы. 
3. Ұсақ буындардың симметриялы зақымдалуы. 
4. Омыртқа жотасының мойын бөлігінің зақымдалуы. 
5. Ертеңгісін буындарды жазу қиындығының байқалуы. 
6. Буындағы өзгерістердің 6 аптадан кем болмауы. 
7. Увеит. 
8. Ревматоидты түйіндер. 
9. ЭТЖ -ның 35 мм/сағаттан артық болуы. 
10. Ревматоидты фактордың (РФ) анықталуы. 
11. Синовиальды қабаттың биопсиясындағы тән өзгерістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет