Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет296/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

қабынуы. Европада БЖК 100000 халыққа шаққанда 1,5-2 балада кездеседі. 
Этиологиясы.
Аурудың пайда болуын тұқым қуалауға бейімділікпен және сыртқы 
ортаның әсерімен түсіндіреді. БЖК-ке тікелей бейімдік білдіретін ген идентификациялан-
баған, ол ақау 2-ші, 6-ші, 7-ші хромосомаларда орналасады деген болжам бар. БЖК дамуы 
DR2 локустарымен, мүмкін гистосәйкестіктің бас кешені DR3, DQ2 байланысты болуы 
мүмкін.
БЖК-тің пайда болуында сыртқы ортаның рөлінің дәлелдері: 
-
ішекте орналасқан инфекциялық қоздырғыштар (кампилобатер, шигеллдер, амебалар, 
иерсиниялар, хламидиялар, микобактериялар), аурудың қайталауына және ішектен тыс 
белгілердің болуына ықпал етуі мүмкін; 
- персистеуші вирусты инфекцияның ішек қабырғасының капиллярларының эндотелия-
сының зақымдалуында, васкулит, ишемияның, қабынудың дамуында маңызы бар; 
- Сүтті көтереалмау БЖК -ның даму қаупін артырады; 
- БЖК-пен ауыратын балалардың анамнезінде психикалық статустың және нервтік- 
психикалық салмақтың шектен тыс екені анықталады
- БЖК-тің кеңінен тарауы өндірістік жоғары дамыған мемлекеттерде, қалада дамып 
келе жатқан елдер мен ауылдық жерден жоғары болып келеді. 
Сыртқы орта факторлары, ауруға генетикалық бейімділігі бар адамдарда 
патологиялық процесстің реакциясын қозғап жіберетін, триггер ретінде қарастырылады. 


471 
Патогенезі. Зақымдаушы агенттер (ішек микрофлорасының анигендері, тағамдық 
антигенедр) ішек эпителиясына қарсы антидене қалыптасуы байқалатын иммундық 
жауапты стимуляцитялайды деген гипотеза бар. 
- БЖК-мен ауыратын науқастардың көбінде Н1 аутоантигенге перинуклеарлы антинейт-
рофильді антидене (р-ANCA) анықталады; 
- БЖК-мен ауыратын науқастарда тоқішек, өт өзектерінің, терінің, буындардың және 
көздің жасушаларының мемранасының құрамына кіретін тропомиозиндер тобына 
кіретін арнайы белокқа антидене анықталады. 
Ішектің созылмалы қабынулы ауруларына клегей қабатының, мүмкін антгендердің 
көп мөлшерде болуына байланысты, иммундық жүйесінің реттелуінің бұзылуы тән. Бұл 
бұзылыстар ықпал етеді: 
-
Тх1 және Тх2-лимфоциттер популяциясы арасындағы тепетеңдіктің созылмалы 
өзгерістері; 
-
проқабыну цитокиндерінің (IL-1, IL-8, TNF) экспрессиясы; 
-
цитотоксикалық Т-жасушалардың, В- лимфоциттердің, макрофагтардың және «мес» 
клеткалардың активтелінуі; 
- көп мөлшерде қабыну медиаторларының және жасушалар үшін улы заттардың (лейко-
триендер, оттегі радикалдары, эластазалар, коллагеназалар, протеазалар, комплемент 
факторлары, гистамин) түзілуі; 
- тоқ ішек кілегей қабатында қабынулық өзгерістердіғң пайда болуы. 
Қазіргі кезде зерттеулердің көп болуына қарамастан, пайда болу механизмі толық 
ашылмай отыр. Иммунологиялық, соның ішінде аутоагрессиялық, реакциялар табиғаты 
екіншілік болып келеді деген пікір бар.
Жіктелісі.
Бейарнамалы жаралы колитті бөледі:
аурудың ағымы бойынша;
а)
жедел (фульминантты),
б)
созылмалы (рецидивті, 
үзілісіз рецидивті); 
аурудың фазасы бойынша (өршу, сауығу); 
зақымдалудың орналасуы бойынша: 
а)
шеткі (дистальды) колит (проктит, 
проктосигмодит), 
б)
 солжақ колиті, 
в)
 субтотальды колит, 
г)
 тотальды колит; 
ауырлық дәрежесі бойынша: 
а)
 жеңіл түрі, 
б)
 орташа ауыр түрі, 
в)
 ауыр түрі. 
БЖК-тің 
клиникалық көрінісі
патологиялық процесстің жайылу деңгейіне және 
қабынудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
Ең жиі кездесетін клиникалық белгісі – 
тіке ішектен қан кету.
Тіке ішек зақымдалғанда қан, жиі клегеймен, іріңмен, нәжістің бетінде анықталады. 
Тоқ ішектің жоғарғы (проксимальды) бөлігінде қабынулық зақымдалу байқалатын болса 
қан нәжіспен араласып кетеді.
БЖК-тің екінші негізгі клиникалық белгісі ішектің босауының жилеуі. Нәжіс ботқа 
тәріздес немесе қалыптасқан, көлемі онша көп емес. Кейде дефекацияда тек қан мен ірің 
бөлінеді. Науқас дефекация қажеттілігі сезімінің ауырсынумен, сонымен қатар түнде де, 
білінетіне, ішектің толық босамауы сезіміне шағымданады.
Іштің ауырсынуы жиі солжақ мықын аймағында орналасады, жайылмалы, ұстама тә-
різдес немесе монотонды болуы мүмкін. Ауыр асқынулары – токсикалық мегаколон, қыз-
бамен, тахикардиямен, метеоризммен, іш қабырғасының қорғаныстық керілумен, абдо-
минальды ауырсынудың жойылуымен сипатталатын іш қуысына бос тесілу (перфорация).
Дене салмағының төмендеуі БЖК-тің ауыр түрлері байқалатын науқастарда 
байқалады. Дене ұзындығының қалыс қалуы 2-10% науқастрда байқалады.
Балалардағы БЖК-тің ішектен тыс белгілері (бауыр, тері, буындардың, көздің) 
ересектерден сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет