Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет300/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына.
Көп жағдайда ауыз қуысының клегей қабатының 
өзгеруі жалпы аурулардың алғашқы белегілері болып келеді. Солай бола тұрсада ауыз 
қуысында байқалатын бұзылыстар негізгі аурудың ағымын ауырлата түседі. Бұны білу 
стоматологиялық ауруларда профилактикалық кешенді шаралар жүргізгенде өте қажет. 
Ауыз қуысының патологиялары мен тамақты қорыту мүшелерінің арасында тығыз 
байланыс бар. Тамақты асығыс ішкенде, оны тіс немесе клегей қабат ауруларына 
байланысты жеткіліксіз шайнамағанда асқорытудың алғашқы сатысы бұзыладыда
асқазанның клегей қабаты қозып, гастрит дамиды. Ауыз қуысы ауруларында (кариес, 
стоматит, гингивит) тамақ патогенді микроорганизмдермен инфекцияланады. Олардың 
өздері және улары асқазан, 12 сақиналы ішектің, ішектердің, өт жолдарының 
ауруларының себебі болады.
Асқазанның және ішектің созылмалы аурулары тістердің қалыптасуына әсер етеді, 
заттекалдмасуының және олардың сорылуының бұзылуына әкеледі. Ас қорыту 
мүшелерінің созылмалы ауруларында (колит, созылмалы гепатит) көбінесе қайталамалы 
афтозды стоматит дамиды.
Асқазан және 12 сақиналы ішек ойық жарасында сілекей бездерінде өзгерістер пайда 
болады, кейін гиперсаливация, тіл бүршіктерінің ісінуі және гипертрофиясы байқалып, 
жабынды пайда болады. Бауыр және өт қабы науқастарда ауызында ащы дәм, дәм сезу 
сезімталдығының төмендеуі, қызылиектен қан кету болады. Ұйқы безінің функциясының 
өзгеруі пародонттың өзгеруіне әкеледі. 
Стоматолог науқаспен жұмыс жасар алдында науқас созылмалы гепатитпен 
ауырмайтындығына көз жеткізуі керек. Аурулардың өрше кезінде ауыз қуысында 
манипуляциялар, әсіресе хирургиялық, жүргізуге болмайды, өйткені олар науқастың 
жағдайының өзгеріне (дестабилизацияға) әкелуі мүмкін. Аутоиммундық гепатитте
суырылып тасталған тістердің орнынан (тесігінен) немесе иньекция орындарынан қан
кетуі мүмкін. Дәрігердің өзіне немесе басқа науқастарға вирус жұқтырмау үшін асептика 
және антисептика ережелерін стоматолог қатал сақтауы керек. Стоматологтар вирусты 
гепатитті жұқтыру қауіпті тобына кіреді, сондықтан оларға гепатит В қарсы вакцинация 
алу ұсынылады.
Ішектің созылмалы ауруларында гемостаз бұзылуы, тромбоэмболиялық асқынулар 
байқалу мүмкіндігі жоғары. Бұларды ауыз қуысына ота жасайтын стоматикалық 
тәжрибеде есепке алып отыру керек. Глюкокортикоидты және цитостатикалық 
препараттар қабылдайтын науқастыр асқынулардың дамуын бейім болады. 
Профилактикалық бақылау, мерзімінде ауыз қуысын тазалау, стоматологтың ауыз 
гигиенасын сақтаудың маңызды екенін түсіндіруі тамақтың дұрыс қорытылуына , балалар 
асқорыту жүйесінің ауруларының алдын алуға ықпалын тигізеді. Тістүйістің дұрыс 
қалыптасуының маңызы үлкен, сондықтан осы аурулармен ауыратын балаларға , әсіресе 
сүт тістерінің ауысу кезеңінде, ортодонттың кеңесі қажет. 
13. БАЛАЛАР НЕСЕП ШЫҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ 
13.1. ЗӘР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ 
Нефрологиялық патологияның құрамы келесідей: 
• бүйрек және зәр шығару жолдарының инфекциялары

- жедел пиелонефриттер; 
- созылмалы пиелонефриттер; 
- жедел циститтер; 
- созылмалы циститтер; 
- зәр шығару жолдарының инфекциясы.
• нефриттер:


478 
- жедел постстрепкоккты гломерулонефрит; 
- біріншілік созылмалы гломерулонефрит; 
- липоидты нефроз (дебют); 
- интерстициальды нефрит: 
- Берже ауруы. 
• заттек бұзылыстары: 
- заттек алмасу нефропатялар; 
- зәртас аурулары; 
• толық анықталмаған жағдайлар: 
- түсініксіз этиологиялы протеинурия; 
- түсініксіз этиоло 
гиялы гематурия. 

басқа аурулар (туа біткен ақаулар, гидронефроз, ісіктер және басқалар).
Негізгі этиологиялық және/немесе патогенетикалық тұрғыдан зәр шығару 
жолдарының келесі ауру топтары бөлінеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет