Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет305/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Қосымша критериялар: 
1. ЭТЖ жоғарлауы 
2. Лейкоцитоз 
3. Антибактериальды антиденелердің титрінің жоғарлауы, дисиммуноглобулинемия 
4. С реактивті белоктің жоғарлауы 
5. Гиперальфаглобулинемия 
Ажырату диагнозы
. Ең қиыны зәр шығару жолдарының инфекциясынан (ЗШЖИ) 
ажырату болып келеді.
ЗШЖИ- бүйректен тыс зәр шығару жолдарының, деңгейін дәлдемей, инфекциялық-
қабыну процессін қамтиды. 
ЗШЖИ мен пиеонефриттегі зәрлік синдромның айтарлықтай айырмашалығы жоқ, 
дегенмен ЗШЖИ-де пиеолонефриттке қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар: 
• ересек балаларда ауырсыну қасаға үстінде орналасады; 
• дизуриялық белгілер сипатталады: 
- зәр шығаруға императивті сезімдер; 
- аз мөлшерлі жиі зәр шығару (поллакиуриямен); 
- зәр шығарғанда ауырсыну, ерте жастағы балаларда оның эквиваленті болып зәр
шығару кезінде масасыздану немесе жылау, кейде зәрін ұстай алмау болып келеді. 
• бүйрек функциясының бұзылу белгелерінің, әсіресе тұрақты түтікшелер функциясы-
ның бұзылуларының (Зимницкий, Реберг сынамалары бойынша) болмауы. 
ЗШЖИ - де арнайы диагностикалық маңызы бар:
- цистоскопиямен зәр қабы клегей қабатындағы қабыну процессі анықталады; 
- зәр қабының УДЗ-мен зәр қабының кілегей қабатының қалыңдауы және функциясы-
ның бұзылуы анықталады; 
- зәр шығару жолдарының төменгі бөліктерінің уродинамикалық бұзылыстарын анық-
тайтын зерттеулер – тіке және ретроградты цистометрия, фармакоцистометрия 
пиелометрия, зәр қабының электромиографиясы, урофлоуметрия және басқалар. 
Дизуриялық бұзылыстар және бірдей зәр синдромы байқалуы мүмкін. 
Вульвовагинитпен пиелонефритті
ажыратуда
маңызды болып келеді: 
- сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда қабыну процесстерінің анықталуы; 
- қынаптан цитограмма жасау (вульвовагинитте көп мөлшерде лейкоциттер 
анықталады, ал уроцитограммада аз мөлшенред болады); 
- катетермен алынған зәрде вульвовагинтте өзгерістер анықталмайды. 
Пиелонефриттің екіншілік сипатын жоқ шығарғанда метаболикалық, обструктивті 
нефропатияларды және рефлюксті жоққа шығарады. 
Соле уриян ы 
анықтау үшін
тәуліктік зәрде олардың мөлшерін анықтайды: 
- оксалаттар (қалыпты көрсеткіші тәулігіне 1 мг\кг); 
- ураттар (дені сау 1 жастан балаларда 0,09-0,12 ммоль\кг\тәулігіне); 
- фосфаттар (қалыпты көрсеткіштері 0,01-0.)4 г\кг тәулігіне). 
Зәр шығару жолдарының обструкциясының 
себептері 
болуы мүмкін: 
- тостағаншаның мойнының дискинезиясы немесе тарылуы; 
- түбекшенің, несепағардың, зәр қабының тасы; 
- түбекшені немесе несепағарды басып тұратын қосымша тамыр немесе ісік; 
- несепағардың ахалазиясы немесе стриктурасы; 
- зәр қабының уретерцеле, дивертукуласы; 


485 
- зәр қабының мионейрогенді атониясы; 
- еркек бездің (простатаның) туа біткен аурулары; 
- зәр шығару каналының стрикрурасы немесе дивертукласы; 
- фимоз. 
Рефлюкстер (зәрдің кері ретроградты айдалуы):
1. зәрдің ағуына кедергі келтіретін анатомиялық мүкістіктер (уретраның дивертикуласы 
немесе қосарлануы, несепағар эктопиясы, уретраның қабішілік бөлігінің қысқа болуы); 
2. цистит; 
3. зәр шығару жолдарының әртүрлі бөліктерінің бұлшық ет тонусын нервтік реттелуінің 
бұзылуы; 
Рефлюкстерді келесі 
түрлерге
бөледі: 
• қаб-несепағар (везикоуретральды) рефлюксі (ВУР); 
• түбекше-бүйректік рефлюкстер: 
- пиелотубулярлы, 
- форникальды (тостағаншалардың күмбезінің жарылуы). 
Бүйректің өрмелі инфекциялануында негізгі орын ВУР- ке беріледі. 
ВУР-ті анықтау үшін УЗД, изотопты ренография қолданылады, дегенмен цисто-
графия және микциялық цистоуретрографияның ақпараттығы жоғары болып есептеледі. 
ВУР – бес 
түрге
бөледі: 
І дәрежесі – цистография контраст несепағарға түседі; 
ІІ дәрежесі – контраст сырттай өзгермеген несепағарды, тостағаншаны, түбекшені 
толтырады; 
ІІІ дәрежесі – контрастың айдалуымен қатар несепағардың орташа кеңеюі және айналуы, 
түбекшенің орташа кеңеюі байқалады; тостағаншаның суреті аздап тегістелген; 
IV дәрежесі – несепағар, түбекшелер, тостағаншалар айқын кеңейген немесе айналған, 
көптеген тостағаншалардың папиллярлык суреті сақталып, үшкір бұрыштар жойылып 
кетеді; 
V дәрежесі – несепағардың, түбекшенің, тостағаншаның айтралықтай кеңеюі және айна-
луы; тостағаншалардың емізікшелік суретінің жойылуы. 
Ұрықтың ауыр ВУР -і нәрестеде бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. ЗШЖИ-да 
пайда болған ВУР өтпелі сипатты болады. Көбіне ВУР спонтанды жойылады. ВУР 
байқалатын балаларды емдеу консервативті немесе оталау әдістерімен жүргізіледі: 
- зорлап зәрге отырғызу (ояу кезінде 1,5-2 сағат зәрге отырғызу); 
- форсирленген диурез (зәр жүргізетін дәрілер: 2 күн өткізіп үшінші күні фуросемид 
береді); 
- зәр инфекциясы байқалған шақта антибиотикалық ем. 
Әр 6 сайын УДЗ жасап ВУР динамикасын бақылап тұру керек. ВУР-тің кейбір 
түрлерінде оталау емі қажет болуы мүмкін. ВУР-тің IV - V дәрежелері 5 жасқа дейін 
рефлюкс- нефропатия дамуының жоғары қауіпті факторы болады.
ВУР нәтижесінде пайда болған Рефлюкс- нефропатия сипатталады: 
- фокальды склероздың қалыптасуы; 
- тубулоинтерстициальды функциясының тұрақты бұзылуы; 
- тұрақты протеинурия; 
- гломерлярлы үзілудің бұзылуы; 
- болашақта аретриялық гипертензия дамып, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің даму 
мүмкіндігі жоғары болады. 
Нейрогенді зәр қабы (НЗҚ) – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет