-
Ай сайын қарау, артериальдық қан қысымын өлшеу; қан, зәр анализдерін, Зимницкий
сынамаларын жүргізу.
-
Алғашқы жарты жылда тоқсан сайын, сосын 6 айда 1 рет биохимиялық анализ
(креатинин, мочевина, К, Nа, Р+++, белок фракциялары) жасалады.
Бүйректің концентрациялық қызметі қалпына келіп, 2 жыл ішінде аурудың белгілері
болмағанда сауығу деп саналады.
Болжамы.
ЖБЖ-де өлім көрсеткіші 20-40% құрайды. 5% науқастарда гломеруло-
склероз дамиды. ЖБЖ 15% науқастарда бүйрек паренхимасының өзгерісіне әкеліп, СБЖ
дамиды.
13.3.2. СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) -
нефрондардың сандық және қызмет-тік
өзгерістері бүйректің гемеостатикалық қызметінің бұзылысына, жиі ШСЖ-ның 50%-ға
төмендеуіне алып келетін клиникалық белгілер жиынтығы болып табылады
.
Бүйрегі ауыратын балаларда СБЖ – шумақтық сүзілістің 1,73 м² дене көлеміне 20
мл/минутына төмендеуі, креатининнің қан сарысуында 2 мг% (0,177 ммоль/л) және
мочевина 50 мг % (8,3 ммоль/л)-ге 3-6 ай бойы жоғарлауына байланысты анықталады.
Этиологиясы.
СБЖ-нің 5 жасқа дейінгі себептері : туа пайда болған құрылымдық
және обструкциялық кемістіктер.
5 жастан кейін- жүре пайда болған аурулар:
Достарыңызбен бөлісу: |