Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
- Шок және гиповолемия кезінде:
1)
Қан айналым көлемін толтыру.
2)
Диурезді қалыптастыру – көк тамырға тамшылы натрий хлорид изотониялық
ертіндісін (20 мл/кг) құю және жүктемеге айтарлықтай жауап болмаған жағдайда көк
тамырға тамшылы 20% маннитол ертіндісін құяды.
- Артериальды гипертензияда бүйректегі қан ағысты жақсарту үшін допамин (0,5-4,5
мкг/кг минутына) тағайындайды
- Іркілістік жүрек жетіспеушілігінде фуросемид (жүрек гликозидтерімен қосып)
қолданады
- Айқын гипопротеинемияда көк тамырға тамшылатып альбумин құйылады
- Улануда-плазмофарез немесе гемосорбция жасау керек
- Постгеморрагиялық шокта – қан компоненттерін алмастырып құю
- Ауыр инфекцияда антибиотиктер тағайындалады.
- Гемолитико-уремиялық синдром және Мошковиц ауруында плазмофарез, жаңа
қатырыл-ған плазма құю, преднизолон, дезагреганттар (ацетилсалицил қышқылы,
ипиридомол) беріледі.
Олигуриялық сатыда емнің альтернативті әдісі болып гемодиализ табылады.
Гемодиализ өткізуге көрсеткіштер:
- қан сарысуындағы: азот, мочевина 24 ммоль/л-ден көп, тәулігіне 5 ммоль/л-ден көп
өсуі.
- Калийдің 7 ммоль/л-ден көп болуы (өкпе, ми шеменінде тәулігіне 6,5 ммоль/л-ден көп
болуы)
- фосфор 2,6 ммоль/л-ден көп болуы.