Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет343/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 – теміртапшылығының ең ауыр түрі, лабораториялық 
тұрғыдан сипатталады: гемоглобиннің қанның көлемдік бірлігінде және бір (әрбір) 
эритро-цитте концентрациясының азаюы; эритроциттердің микроцитозымен, 
анизацитозымен, пойкилоцитозбен; төмен реңдік көрсеткішпен, қан сарысуындағы 
темір мен ферритиннің мөлшерінің төмендеуімен; трансферриннің темірмен 
қанығуының төмендеуімен, сарысудың темір байланыстырушы қабылетінің және 
эритроцитарлы протопорфириннің артуы.
Клиникалық көрінісі:
Жеңіл, орташа дәрежелі, ауыр дәрежелі деп бөледі. 
Анемияның жеңіл түрі баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық күйде 
болатындақтан, жиі анықталмайды. Көңіл аударарлық жағдайлар: енжарлық, тәбет 
нашарлауы, бозғылттық, тітіргенгіштік, сәл салмақ жетіспеушілік. 
Орташа ауырлықтағы анемиялар айқын көріністермен көрінеді: айқын енжарлық, 
апатия, адинамия, тәбетінің тез төмендеуі. Терісі құрғақ, шаштары жұқа, сирек. Пульс 
жиі, жүрек ұшында функциялық систолалық шу естіледі. 
Анемияның ауыр түрі бірте-бірте, жайлап дамиды. Басты белгісі болып тері 
жамылғысы мен кілегей қабықтардың өршіген бозғылттығы саналады. Эпителияльды тін 
зақымдалуының көріністері пайда болады: құрғақтық, терісінің түлеуі, тырнақтардың
сынғыштығы, шаштары жіңішке және сынғыш, ауыз айналасындағы жырықтар. Кейде 
бет існулері байқалуы да мүмкін. Аяқ-қолдары ұстап қарағанда салқын, бұлшықет 
гипотониясы болады. Сонымен қатар, тәбеттің тез төмендеуі не бұрмалануы (науқастар 
бор, саз жейді), салмақ қосудың төмендеуі байқалады. Жүрек-тамыр жүйесінде 
функциялық өзгерістер – тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыр мен 
талақтың ұлғайғаны білінеді.
Белоктық жетіспеушілік – темір тасымалын қамтамасыз ететін, қордағы темірді 
байланысытыратын, гемоглобин түзетін белок өніміне кедергі жасайдыда, негізінен 
эритроциттердің аз түзілуіне әкеліп, анемияның пайда болуына әсерін тигізеді. 
Витамин жетіспеушілік (В
1
, В
2
, В
6
, РР, С) белоктық алмасуда және басқа да алмасуда 
метоболизм жағдайларында көрініс береді. Гемопоэз процесіне тән В
12
және фолий 
қышқылы. Балаларда көбіне ішек құрттары ауруларында байқалады. Негізінен осы екі 


521 
витаминнің жетіспеушілігіне байланысты эритроциттердің түзілуі шектеледі де, анемия 
дамиды. Бірақ, бұндай анемиялар басқада витаминдер жетуспегенде анықталуы мүмкін. 
Хлороз (бозғылт) – анемияның предпубертатты және пубертатты кезеңде қыз 
балаларда байқалатын ерекше түрі. Алғашқыда Гиппократ morbus virginum, ал, 1629 жылы 
Vazandal хлороз ретінде суреттеген дерт. Дерттің клиникасында әлсіздік, шаршағыштық, 
қызмет істеуге қабілетінің төмендеуі, жүрек соғуы, басының айналуы, басының ауруы, 
ентігу, тәбетінің айтарлықтай төмендеуі, іші қатуға бейімділік байқалады. Шеткі лимфа 
түйіндері, бауыр мен талақ әдетте үлкеймейді. Дене жамылғыларының аппақ қудай 
болып, жасыл түстенуі байқалады. Науқастар бор, балшық, құрғақ жармаларды жеуге 
құмар болады. Кейбіреулер керосин немесе бензин исінен ләзат алады. Шеткі қан 
анализінде эритроциттер санының 3,5-2 млн-ге, гемоглобин мөлшерінің айтарлықтай (50-
33 г/л), реңдік көрсеткіш тіптен 0,4-0,5-ке дейін төмендейді. Қан сары суындағы темір 
және белок мөлшері төмендейді, ал эритрциттердің осмотикалық беріктігі (резистентілігі) 
өзгермейді.

Қазіргі кезде теміртапшылық анемияны синдромды қарастыру кеңінен қолданылады: 
Астеноневротикалық синдром: 
шаршағыштық, қозғыштық, күйгелек, эмоциялық 
тұрақсыздық, тершеңдік; психикалық-моторикалық дамуында қалыс қалу; енжарлық, 
астения, апатия; тәбетінің төмендеуі; ойын жинақтау қабылетінің төмендеуі; негавитизм. 
Ересектеу балаларда -басының ауруы, басының айналуы, құлағының шуылдауы, көз 
алдының қарайытуы, жүрек тұсының шаншуы, тәбеті бұрмаланып известь, бор, шикі 
картоп және ет жеу, сонымен қатар геофагия (жер, топырақ жеу), пагофагия (мұзды, 
балмұздақты көп жеу), дәм сезуінің бұрмалануы; дизуриялық бұзылыстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет