520
темірдің эндогенді трансплацентарлық жетіспеуі (шала туылу, көп ұрықты жүктілік,
анасының жүктілік кезіндегі анемиясы,
қан кетулер және аурулар, жүктілік токсикозы,
патологиялық босанулар мен босану кезінде қан кету және т.б.); темірдің тамақтануға
байланысты жетіспеушілігі (емшекпен тамақтандыру кезінде анасында анемияның байқа-
луы, қан кету, тамақтандырудың қосымша факторларын дер кезінде бермеу, бір жақты
дұрыс тамақтандырмау және т.б.). Анемияның бұл түрін алиментарлық анемия (А.Ф. Тур)
депте атайды, бірақ соңғы кезде бұл пікір көптеген қаламгерлермен қошталмайды.
Бұл себептердің қатарына темірді жұмсаудың қосымша өсуінде (жиі
инфекциямен
науқастану немесе олардың ауыр дамуы) қосады. Ал, алиментарлық жетіспеушілікпен
қосарланса, ондай анемиялар алиментарлық-инфекциялық анемия депте аталады. Темірдің
сорылуының бұзылуыда анемияның себебі болуы мүмкін (асқазан-ішек жолдарының,
оның ішінде целиакия, муковисцидоз, энтеропатия, даму
ақаулары сияқты арулардың
маңызы зор).
Инфекциялық аурулар тіндерде темірдің артық қорытылуына әкеледі, сондықтан
оларға емделгеннен кейін темір препараттарын тағайындау қажет. Адам организмінің 60%
темірі эритроциттерден, қалғаны миоглобинндерден және темірлі ферменттерден
алынады. Организмде темір қоры сүйек майы, бауыр, талақ (көк бауыр) болып есептеледі,
оларда темір ферритин және гемосидерин күйінде болады.
6-айда және екінші жартыжылдықта (туылғанда темір қоры толық болғанда ) бала
организміне 1 мг\кг темір қажет, ал 1 литр ана сүтінде бар болғаны 0,5-0,6 мг
темір
болады. Осыған байланысты 5-6 айда табиғи тамақтанатын мерзімінде туылған балада ,
шала туылған балада 3-4 айда темір жетіспеушілігі байқалады. Гемдік темірге қарағанда
бауырдағы ферритин мен гемосидириннің абсорбциясы мен ыдырауы шамалы жүреді.
15.2. Теміртапшылық анемия
Достарыңызбен бөлісу: