Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет344/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Эпителиальдық синдром – 
терінің (әсіресе алақанының, тырнағының), кілегей 
қабатының (конъютиваның бозғылытығы тән) және құлақ қалқанының бозаруы; терісінің 
құрғақтығы мен түлеуі; терінің, тырнақтардың (койлонихиялар – тырнақтардың 
ойыстануы), шаштың (сиреуі, жоғары сынғыштығы, түсуі, көмескіленуі, сиреуі), ауыз 
қуысының кілегей қабатының, тілдің (анулярлы стоматит, бұрлерінің тегістелуі, тілінің 
тегістелуі, тілдің қызаруы, тілдің күю сезімінің байқалуы, атрофиялық глоссит); 
склераның көгеруі; дуоденит, Пламмер-Винсон белгісі – қатты тамақты жұтуының 
бұзылуы, мальабсорбция және мальдигестиямен энтеропатия, тұрақсыз нәжіс, жүрек 
айнуы; кейде терісінің алебастр түстеніп, жасыл түске оранады (хлороз). 
Жүрек-тамыр синдромы:
тахикардия (ентігу сирек болады), артериялық гипотонияға 
бейімділік, жүрек тондарының әлсіреуі және салыстырмалы жүрек тұйықтығының шека-
раларының ұлғаюы, жүрек ұшында, үлкен тамырлар тұсында функциялық систолалық шу. 
Бұлшықеттік синдром
– бұлшық еттік гипотония, тез шаршағыштық, энурез немесе 
сфинктердің әлсіздігіне байланысты зәрін ұстай алмау, іш қатуы. 
Екіншілік иммундық жетіспеушілік синдромы:
темір тапшылығын үдете түсетін жиі 
ЖРВИ, певмониялар, ішек инфекциялары. Темір жетіспеушілігінің сиректеу белгілеріне 
бауырдың және талақтың ұлғаюы, ісіну жатады.
Диагноз
темір алмасу көрсеткіштеріндегі аутқуларды анықтауға негізделеді: қан 
сарысуында ферритиннің 30 нг/мл-ден төмендеуі, трансферриннің темірмен 25%-дан 
төмен қанығуы, темірдің 11,6 мкмоль/л-ден азаюы, торлы сүйек майында сидеробластар-
дың анықталуы (5%-дан аз); қан сарысуының жалпы темірбайланыстыру қабылетінің (50 
мкмоль/л-ден артық) және эритроцитарлы протопарфириннің артуы; сонымен қатар 
гемотологиялық көрсеткіштері – гемоглобин мөлшерінің деңгейінің (5 жасқа дейінгі 
балаларда 110 г/л-ден және одан үлкен балаларда 120 г/л-ден), реңдік көрсеткіштің (0,8 -
ден), бір эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшерінің (27 пг/эр-ден төмен), 
эритроциттің орташа көлемінің (80 фл-дан аз) (гемоглобиннің азаюымен эритроциттің 
гипохромиясы) төмендеуі. Темір жетіспеушілігінің ең ерте білінетін маркері анизоцитоз. 
Лабораториялық белгілерге сонымен қатар микроцитоз, пойкилоцитоз жатады. 
Эритрциттердің санының азаюы тек ауыр анемияларға тән. Реңдің көрсеткіштің 
төмендеуіде ерте байқалмайды, сондықтан темір жетіспеушілігі анемияның нормохромды 


522 
болуы жалпы ұғымға қайшы болмайды. Торлы сүйек майында эритропоздің қозуы 
байқалады, ол ретикулоцитозбен дәлелденеді.
Теміртапшылық анемияның 
ажырату диагнозы
басқа микроцитарлы гипохромды 
анемиялармен жүргізіледі: талассемия, қорғасынмен улану, порфирин мен геннің 
түзілуінің бұзылыстары байқалатын анемиялар.
Емі.
Диагноз қойлысымен ем басталады. Емді тиімді жүргізу үшін, оның себебін 
анықтау өте маңызыды болып еледі. Науқас балалардың күн тәртібі белсенді, жеткілікті 
таз ауада болумен болуы керек. Ет тағамдары көп емдәм тағайындалады, бірақ ешқандай 
тағамдық ем темір тапшылығын жоя алматынын естен шығармау керек. Сондықтан 
міндетті түрде құрамында темір бар дәрілер тағайындау керек.
Емдәм: 
Жасына сойкес, тиімді тамақтандыру темір жетіспейтін анемияларды 
емдеудің негізгі болігінің бірі болып келеді. Тағамдық рационда белоктың, кейбір 
микроэлементтердің (темір, марганец, кобальт, никель) жетіспеуі қан жасау процессін 
киындатады. Тіпті кейде тоқтатып тастайды. Витаминдердің, әсіресе В топтағы, С-
витамины, фоль қышқылы, жетіспеушілігініңде осындай әсері бар. Осыған орай егерде 
бала жасанды сүт қоспаларымен қоректенетін болса бейімделген қоспалар қолданған жөн. 
Кейдс арнайы құрамына темір қосылған қоспалар қолданылады: "Темірлі Симилак", 
"Антианемиялық энпит", "Милкид - 2" және т.б. Анемиямен ауыратын балаларға алғашқы 
тағам ретінде құрамы темірге бай жеміс-жидектер беріледі: алма, алхоры (слива), шие 
(вишня), алмұрт (груша), өрік (абрикос), шабдалы (персик), лимон, қара және кызыл 
қарақат, таңқұрай (малина), итмүрын (шиповник). Құрамы темірге бай көкөніс үгінділері 
ертерек (1 ай бүрын) беріледі: ақ және гүл капуста, сәбіз, шалған (редис), қызылша, 
томаттар, көкбүршақ беріледі. Қызылшаның, картоптің, баклажанның құрамында мыс көп 
болады. Жастан асқан балаларға шикі көкөніс және көк (кекшөп), яғни петрушка, укроп, 
саумалдық (шпинат) берген жөн. Бірінші косымша тамақтан 3-4 аптадан кейін екінші 
косымша тамақ ретінде сүтке пісірілген ботқа беріледі. Сұлы және қара құмық 
жармаларының құрамында басқаларына қарағанда темір, мыс молырақ болып келді. 
Анемиямен ауыратын балаларға жұмыртқа сарысы көбірек беріледі, үйткені оның құ-
рамында жеңіл сіңірілетін белок, темір, мыс, кобальт, марганец көптеу болады. Жастан 
асқан балаларга 1 піскен жұмыртқаның сарысын немесе 1 жұмыртқаны күнара береді. Ет 
тағамда-рын анемиямен ауырған балаларға 5 айлығынан бастап береді. Бауырдан (сиыр, 
бұзау) дай-ындалған тағамдарды өте ерте беру керек. Дегенмен бауырды берер алдында 
үккіштен екі рет өткізген жен. Жастан асқан балаларға паштет түрінде немесе ұсақтап, 
кесіп бсруге болады. 
Құрамында темір бар дәрілерді тағайындаудың жалпы қағидалары: 
• мүмкіндігінше бұл дәрілерді ішуге тағайындап, парентеральды тәсілді сирек қолану, 
өйткені оның асқынулары (жағымсыз әсері) байқалады (аллергиялық реакциялар, 
иньекциядан кейінгі іріңдіктер немесе флебиттер, гипотензия, бактериальдық 
инфекцияның даму қаупі, гемосидероз және т.б.); 
• Элементарлық темір бойынша тәуеліктік дозасы 3-5 мг/кг-нан аспауы керек, темірді 
көп беру оның тиімділігін артырмайды, керісінше жағымсыз әсерінің (ішек-қарын 
жолдарының қызметінің, жараның пайда болуына дейін, бұзылуы, стеноз, ішектің 
түйлуі; ішек инфекциясының даму қаупі) байқалуына әкеледі, тәуліктік дозаны 3 ретке 
бөліп қабылдайды.
• алғашқы күндері, темірге сезімталдығын анықтау үшін, күнделікті дозаыны бір немесе 
екіге бөліп береді; 
• дәрінің емдік дозасын қолдану 3 айдан кем болмайды, содан кейін екінші сатыда темір 
қорын толықтыру үшін және үшінші сатыда қайталудың алдын алу шаралары ретінде 
жүргізіледі.
• темір дәрілерін тамақтың арасында, жаңа жеміс шырындары мен немесе көкөніс 
шырындарымен ішу керек; 


523 
• темір дәрілерімен бірге аскорбин қышқылы мен Е дәруменін қоса тағайындау тиімді 
болып келеді; 
• темір препараттарын тағайындауға сорылуының бұзылуымен білінетін ішек патология-
сының (мальабсорбция, энтериттер, жаралы-некротикалық энтерокоит) болуы, 
қабылдайтын темір препараттарына науқастың сезімталдығының жоғары болуы, темір 
жетіспеушілігі байқалатын науқасқа жоспарлы ота жасау. Парентеральды берілетін 
темір дәрілерінің курстық дозасы (мг) =(120-Нb науқастың –г/л)х дене салмағы (кг 
есебінен)х0,4: Басында 25 мг-нан, содан кейін арасына 3 күн салып енгізіледі; Содан 
кейін темір дәрілерін ішуге беру керек. Құрамында темір бар дәрілер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет