Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
- ТІШҰ синдромы.
Патогенезі. ЖБЖ дамуына-шумақтық сүзілістің жылдамдығының (ШСЖ) кенеттен
төмендеуі ( қалыпты жағдайдан 5-10% төмен) және түтікшелердің дисфункциясы әкеледі.
ЖБЖ-нің преренальды себептерінде ШСЖ-ның төмендеуі бүйректің гипоперфузия-
сы салдарынан болады. Реналды себептерде мынандай патогенетикалық түйіндері болады:
1)
Шумақтардың жаншылуымен бүйрек интерстициясына, мезангиумге сарысудың
шығуы.
2)
Ангиотензин, рениннің босап шығуымен және шумақта қан ағысының төмендеуімен
проксимальды және дистальды түтікшелерде натрий хлордың сорылуының бұзылысы.
3)
Тубулонекрозде бүйректе негізінен вазоконстрикторлы простогландиндер түзіледі
(тромбоксан А
2
және т.б), вазодилататорладың ситезі (Е
2
простациклин және басқалар)
төмендейді. Олай болса, шумақта қан ағысы төмендейді.
4)
Түтікшелердің өліеттенген массамен және цилиндрлермен бітелуі түтікше қысымын
жоғарлатып, сүзгіштік қысымның төмендеуіне, ШСЖ-нің түсуіне және олигурияға
әкеледі.
ЖБЖ-нің олигуриялық сатысында бүйректің оттегіні қолдану және бүйректік қан
ағысы 20-25% құрайды және ШСЖ -нің бүректің секреторлы қызметі төмендеген болады.
Жіктелісі: ЖБЖ-ін төрт сатыға бөледі: бастапқы, олигоануриялық, полиурия
дамуымен диурездің қалыптасуы және сауығу сатысы.
Бастапқы сатының клиникалық көрінісі: Бүйректің зақымдануы диурездің
төмендеуімен, қанда азотты қалдықтар деңгейінің жоғарлауымен көрінеді. Бұл кезеңде
зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғары болу мүмкін. Инфекцииялық токсикоз кезінде
бастапқы кезең әдетте 1-3 күннен бірнеше күнге созылады. Гемотрансфузиялық шокта
бастапқы кезең қысқа мерзімді және олигоануриялық сатының басталуымен көрінеді.
Олигоануриялық саты: