Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының критерийлері



бет12/12
Дата07.03.2022
өлшемі38,19 Kb.
#134437
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысы
Английский 1630 каз., 227153, 341866, көрнекілік, көрнекілік, көрнекілік, 9-кл. Жаһандану және ел тағ.2-сағ
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілері бірдей жауап береді. Ата –аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады , оның сапсын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен , ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты- ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын ескеріп, жиналысты сол жерге барып өткізседе болады. Ол үшін, мектеп ұжымы алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардың ата-аналарымен өткізілетін жиналыстарды жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілер, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы дәрәстер оқиды, әңгімелер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет