Сабақ Сайыстың тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер»



Дата26.08.2017
өлшемі44,33 Kb.
#27916
түріСабақ


Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№ 35 ЖОББМ»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Шакпакбаева Назигуль Жангалиевна

Сыныптан тыс сайыс сабақ

Сайыстың тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер».


Сайыстың мақсаты:

1. Оқушылардың  білім туралы ойларын  кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.


2. Оқушылардың ана  тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу. Оқушылардың іскерлігін, икемділігін нығайту.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,  слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, қоржын,  асықтар.

Түрі: Сайыс сабақ.

Барысы:
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән қалықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым!

«Өнерлі өрге жүзер» атты сайысымзға қош келдіңіздер.

Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз.

(Муызыка ойналады, қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып өткізу)


«Өнерлілер» тобы, «Шеберлер» тобы, «Іскерлер» тобы.
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр!» викториналық сұрақтар сайысы
3. «Шебер қол ештеңені таңдамайды» бұл жерде ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды.
4. «Жанкүйерлер жарысы» көрермендермен сайыс
5. «Сен көрікті»
І. ТАНЫСТЫРУ
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
ІІ. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР!
Білім сайысы
Шарты: Әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Егерде сұрақ қойылған топ жауабын білмей, оның жауабын басқа беремін десе сұрақ алушы топтан нар тәуекел сұралады. Нар тәуекел сұраған топ сұрақтың жауабын дұрыс берсе ұпай соларға қосылады. Егер дұрыс жауап бере алмаса ұпайларынан 10 ұпай шегеріледі. Егер сұрақ қойылған топ нар тәуекел бермей өздері дұрыс жауап берсе қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер жауап бере алмаса қоржындағы ұпайдан 10 ұпай шегеріледі.
І топқа сұрақтар:
1. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

2. Үстеу дегеніміз не?

3.Оқушы сөзін жікте.

4. Дәптер сөзін жікте.

5. Әже сөзін септе.

6.Қандай ұлттық ойындарды білесің?

7.Ұлттық киімдер қандай стиль түріне жатады? (Фольклорлық)

8. Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады? (Бас киімдер)

9.Ұлттық ою-өрнектердің түрлері?

10. Атақты жазушылары?


ІІ топқа сұрақтар:
1.Тілімізде неше септік бар?

2. Сөз құрамын ата.

3. Жалғау дегеніміз не?

4. Жұрнақ дегеніміз не?

5. Тілімізде қанша сөз табы бар?

6. Сөйлем мүшелерін ата.

7.Сөз таптарын ата.

8.Қазақ хандары?

9.Атақты ғалымдары?

10.Абай Құнанбаевтың аудармаларын ата.



ІІІ топқа сұрақтар:
1.Тон, ішік, пальто бұлар қандай киім түріне жатады? (Сырт киімдер)
2. Отан, туған жер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

3. Оқулықтағы «Екі бала» өлеңі кімнің шығармасы. (Крылов И.А.),

4. Бердібек Соқпақаевтың қандай шығармаларын білесің? (шал мен бала)

5. Шешендік сөз деген не?

6. Шығамын тірі болсам адам болып. Кімнің өлеңі?

7.С.Сейфулин туған жері?

8.Қазақ хандары?

9.Фариза Оңғарсынованың қандай шығармаларын білесің? (оюлар, шаңырақ)

10.Алдаркөсе жайлы бір әңгіме айт.

ІІІ. «ШЕБЕР ҚОЛ ЕШТЕҢЕНІ ТАҢДАМАЙДЫ»
Бұл сайыста балалар қағаздан әртүрлі суреттер салады немесе оригами

жасайды. Уақыт 10 минут


ІҮ. «ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖАРЫСЫ»
Шарты: Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Жауабын тапса ұпайын қалаған тобына бере алады.
1. Оригами деген не? (жапонша – “бүктелген қағаз”) 

2. Ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)


3. Юбканың қазақша атауы? (Белдемше)
4. Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш)
5. Қандай түстерді араластыру арқылы ала алмаймыз? (қызыл, сары, көк)
7. Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын ата? (айран, қаймақ, құрт, ірімшік, шұбат, қымыран, қымыз, уыз, қатық, ашыған көже)
8. Қазақ әйелдерінің, әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас кіиім қалай аталады? (Кимешек)
Ү. «ЕҢ КӨРІКТІ»
Топтағы 4 оқушы бірігіп көрермендер арасынан біреуді алып шығып киіндіреді, әрлейді, шашын сәндейді. Дайын болған кезде ортада жүріп көрсетеді. Сөйтіп 3 топтың арасынан ең көркем безендірілген ару анықталады. Қай топтың жұмысы жоғары болса сол топқа жоғары ұпай қойылады.
ҚОРЫТЫНДЫ. Сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаз топ және басқа да қатысқан топтар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет