Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану



бет22/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1382435308218
Қане кім айтады?
І-жауап: Қазақ халқының ең тамаша қасиеті, қонақжайлылық.
Сұрақ: Қонақжайлылық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
а) “Қонақ келсе құт келер“
б) “Құтты қонақ келсе қой егіз табады“
в) “Асыңа тойдырмасаңда ақ ниетіңе тойдыр“
г) “Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбейді“
2-жауап: Қазақ халқы шешен халық.
Сұрақ: Сөз өнері шешендік, сөйлеу мәдениеті туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
а) “Аз сөз алтын, көп сөз көмір”
б) “Өнер алды қызыл тіл”
в) “Жақсы сөз жарым ырыс”
г) “Жаман сөз жанға кірген тікен”
д) “Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл”
е) “Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле”
ж) “Әзіл айтсаңда әділ айт”
з) “Орынсыз өзіңе тиер”.
3-жауап: Қазақ халқы үлкенге ізет, кішіге қамқор бола білген халық.
Сұрақ: Ол туралы қандай мақал білеміз?
а) “Бабасы еккенді баласы орады“.
б) “Бала тәрбиесі бесіктен”
в) “Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер”
г) “Ата баланың қорғаны”.
д) “Ағасына қарай інісі, апасына қарай сіңлісі”
е) “Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала”
“Бабалар өсиеті“, “Бабалар көзімен“ деген тақырыпта сурет көрмесі алдын-ала дайындалады.. Әр оқушы өзі салған суретке талдау жасайды, қай мақал-мәтелге арнайы салынғанын айтады, мұғалім қорытындылайды.
Музыкалық үзіліс.
Мұғалім: Ұлы аталарымыз Абай мен Ыбырайдың өсиетін тыңдайық:
“Кел балалар оқылық“ /Ы.Алтынсарин/.
“Әсемпаз болма әрнеге“ /А.Құнанбаев/
Қорытындылау:
Мұғалім: Өмір атты мұхитта бәрімізге дұрыс жол көрсететін ұзақ жылдар өтседе, мән-мағынасын жоймаған күнделікті өмірде ауадай қажет осы асыл сөздерді бізге мұра етіп қалдырған ата-бабамыздың аруағына бас иіп тағзым етеміз. /Оқушылар орындарынан тұрып үнсіз бас иіп тағзым етеді/.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет