Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану


ІІ тарау. Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі



бет14/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1382435308218
ІІ тарау. Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі


2.1. Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде олардың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктерін есепке алу

Көптеген ғылыми еңбектерді саралап, талдағанымызда негізінен жүйелі білім берудің алғашқы буыны бастауыш сынып оқушыларының жалпы тәрбиесі оның ішінде адамгершілік қасиет-сапаларына баса назар аударылып, олардың психологиялық ерекшеліктері көрсетіледі.


Мұғалім бастауыш сыныптан бастап-ақ оқушылардың күш қайратын, еркін, қабілетін белгілі міндетке жету жолындағы сенімін, есін, қиялын дамытуға қалай жету керек екенін педагогикалық тұрғыдан басқаруы қажет.
Тұтас педагогикалық процесте баланың жеке тұлға болып қалыптасуға мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар, педагогикалық ынтымақтастықта болуы керек. Ата-ананың санасы мен педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы, олардың қоғам алдында өз балалары үшін жауапкершілігінің жоғарлай түсуіне ықпал жасайды. Бұл үшін үлкен мен баланың арасында бірін-бірі түсінушілік, сенімділік, ынтымақтастық, сыйластық, сезімнің орнығыуы аса маңызды. Әсіресе халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін білу адамгершілік қасиет-сапаларды қалыптастыруға негіз болады. Мұнда баланың өзіндік сана-сезімінің жоғары дамуына өзіндік дамудың жоғары формасы-жете аңғарылған мақсатқа бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуде жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Жеке адамның оның мінезінің, көзқарасының адамгершілік парасаттылық мінез-құлқының қалыптасуына адамзат үшін барынша бағалы сапаларды тағылым алатын үлгі болатын тәрбиелік мәні бар халықтық мұраның орны ерекше.
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерің білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж.Аймауытов, Д.С.Выготский, М. Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Марьенко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т.Сабыров,Б.Ж. Қоянбаев, Г.Уманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар.Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л.С.Выготский төменгі сынып оқушыларының даму процесіне сензитивтік кезеңі тән екенін және олардың үлкен сезімталдығымен әсерленгіштігін анықтаған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшіл, мұғаліммен тез тіл тапқыш, өзін жаңа ұжымда балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады.
Ал басқа жас кезеңдерде бұл әсерлер бала дамуында бейтарап болуы немесе мүлде ықпал болмайтындығы анықталған. Төменгі сынып оқушыларында бұл жағдайды ескеру өте қажет. Олардың дамуындағы алдын-ала болатын озып отыратын мүмкіндіктерді есепке алу. Л.С.Выготский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әртүрлі жағдайлар ықпалынының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді қарастыруға жол ашылады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделігін түсіндіргенде Л.С.Выготский төменгі сынып оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан олардың ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензитивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.
Сензитивтік – баланың айналада болып жатқан ықпалдарды қабылдауға өте бейім кезеңі.
Ал, А.К.Леонтьев адамның қалыптасуы әлеуметтік жағдайда нақтылы іс-әрекетпен байлансытылығын және оның үнемі бір-бірімен өзара сапалы қатынаста болатынын тұжырымдайды.
Сонымен, А.К.Леонтьевтің зерттеулері бойынша бала дамуының негізгі өзегі, іс-әрекет. Бала іс-әрекет арқылы айнала қоршаған өмірді таниды, өзін таниды, және сол арқылы өзі де дамиды. А.К.Леонтьевтің осы анықтауына байланысты біз 7-9 жастағыларға да байқау жүргіздік. Бұл жастағы балалар шынында да іс-әрекетті қажет ететін, бір орнында отыра алмайтын, үнемі қимылдап, қозғалыста болатынын білдік. Бірақ біздің байқауымызша баланың өсіп дамуында бұл заңдылықтар ескеріле беремейтіндігіне көзіміз жетті. Мектеп тәрбиесінде мұғалімдер кей жағдайда сабақта, сабақтан тыс балаларды қатаң талаппен тыныштық сақтап қатаң тәртіппен, қимыл-әрекетсіз болуын талап етеді. Сондықтан, адамгершілік бағыттағы іс-әрекеттер ойластырылуы керек. Ол мүмкіндіктер халықтық педагогика дәстүрінде мол.
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан тәрбиесі, ес қиял ойлау, тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі сынып оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.
«…Әсер күшті болса, есте ұзақ ұсталады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Қатты дауыспен ашық ұқтырылған сабақ баланың есінен шықпайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мүғалім өзі құмар болуы керек. Мүғалім сабақ бергенде ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық болама?!» – деген.М.Жұмабаев айқындаған заңдылықты оқу-тәрбие процесінде мүғалім де, ата-анада ескеру керек.
Қ.Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензитивтік – жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, қабілет, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, эмоциялармен, сезім, ерік, зейін, әрекет, - дағды және әдептерді т.б. Адамгершілік тәрбиесі тұтас алғанда баланың жеке басын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған процесс.
Біздер әр баланың жеке басында ақыл-ой, ар-ождан, адал еңбек, отанына, халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық, қайырымдылық, әділділік, кішіпейілділік, ата-анасына және жақын туысына мейірімділік, ізеттілік тәрізді сапаларды олардың ішкі стимулдарына айналдыруды зерттеу жұмысымыздың моделі ретінде аламыз. Бұл сапаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрін пайдаланудың тиімді жолдарын айқындауда төменгі сынып оқушыларының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне талдау жасаймыз.
Біздер жоғарыдағы айтылғандай бастауыш сынып оқушыларының өздеріне тән психикалық ерекшеліктері бар екенін тәжірибеде байқадық. Мысалы, олар бір сыныптас балалармен жаңа достыққа қуанады, тапсырмаларға мақтанады, мектептегі мінез-құлық нормаларына жауапкершілікпен қарай бастайды. Бастауыш мектеп шағында әсерленген кездерде ұстамдылық пен түсінгіштік, қуаныш пен реніш жағдайларда табандылықтың артуы байқалады. Бастауыш мектеп оқушылары өз көңіл-күйлерін басқара алады, ал кейде оны жасыра да алады. Бұл кезеңдегі оқушылар мектепке дейінгі балаларға, сондай-ақ жеткіншектерге қарағанда неғұрлым байсалды. 8-10 жасар балаларға ұзақ, әрқашан қуанышты және сергек көңіл-күй тән. Сонымен қатар кейбір балаларға жаман ашуланғыштық, долданғыштық жағдайлар да кездеседі. Олардың негізгі себебі – талап қою деңгейімен олардың қанағаттандырылу мүмкіндіктер арасындағы алшақтықтың болуы. Егер бұл алшақтық ұзаққа созылса және бала оларды жеңу немесе жеңілдету құралдарын таба алмаса, онда теріс толғаныстар, мейірімсіз де ашу- ызалы сөздермен іс-әрекеттерге алып келеді, бұндай эмоциялық әрекеттерді болдырмау үшін мүғалім тәрбиеленушілердің дара ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Әсіресе, сабақ барысында баланың өзіне-өзі риза болу, білуге құмарлық туғызу сияқты сезімдерін қалыптастыруды ескерген жөн. Бұл жұмыс үздіксіз жүргізілетін процесс.
Мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлық нормалары бастауыш сыныптарда адамгершілік ой-сананың, сезімнің, қарым-қатынастың жаңа ережелерімен дамытылып, диалектикалық өзара байланыста болуы шарт.
Психологтар мен педагогтар (К.Б.Бозжанова, Ғ.Жүнісова, С.Рахметова, Э.А.Орынбасарова, Л.Руднева, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Н.И.Болдырев, Л.И.Божевич, А.Ю.Гордин, А.А.Люблинская) төменгі сынып оқушылары сыртқы әсерлерге өте алғыр, неге үйретсе соның барлығына шынайы сезіммен қарайтындығын, былайша айтқанда адамгершілік нормаларының сөзсіздігі мен қажеттігі басқаларға қойылатын адамгершілік талаптарға ымырасыз болуымен, мінез-құлқындағы өзінділікпен сипатталатынын дәлелдеп береді. Дәл осы кезде балаларды жүйелі және дәйекті түрде /тәрбиенің қай саласы болмасын ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б./ тәрбиелеуге зор мүмкіндіктер туады деп есептейді. Біздің байқауымызша төменгі сынып оқушылары мектепте болсын, мектеп ауласында ойнап жүрсін, еңбек етіп жүрсін, қандай жағдайда болмасын олардың әрекеттерінде не жағымды, не жағымсыз барлық қасиет сапалары айқын көрініс табады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбек етуін, ойындар ұйымдастыру ұстінде олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына және бағыт беруге мүмкіндік алады.
Жеке тұлғалық қасиеттің бірі адамгершілік қасиеттердің дамуын анықтайтын тәрбиенің өзегі, балалардың гуманистік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарды қалыптастыру болып табылады. Шағын топта төменгі сынып оқушысы ортақ ренішті жиі-жиі бастан кешіреді, мұнда ол мұғалімнің көмегінсіз-ақ өзге балалармен, сондай-ақ өз бетімен қарым-қатынас жасап, ұжымдық іс-әрекет ұйымдастыруға, өзінің қоғамдық мінез-құлқын оңай ұғынуға мүмкіндік алады.
Осыған байланысты біздер баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін оның дербес әрекеттері ерекше маңызды екеніне назар аудардық. Оқушы тек мұғаліммен ересектердің нұсқауы және бақылауымен әрекет жасаған кезде ең алдымен тіл алғыштығын ескеру керек. Төменгі сыныптардың өзінде балаларға тек даяр шешімдерді беруден аулақ болған жөн. Бұл тәрбиені өмірден алшақтатуға соқтырады. Сондықтан тәрбие процесі бала қылығын өздігінен таңдауына мүмкіндік беретін жағдайларды алдын-ала қарастыру негізінде құрылу қажет. Мұндай жағдайлар өмірде мол кездеседі оларды арнайы ойын, еңбек және шығармашылық сабақтарда жасауға да болады. Қысқасы, оқушыға бақылау жасалмай, одан есеп беру талап етілмейтін уақытта да ол дұрыс әрекет жасауға үйренуі керек.Балалардың басқалардың да өзінің де іс-әрекеттерін түсіне білуі, адамгершілікпен өз ісіне өзі баға беруге әдеттендіреді.
Барлық балалардың өсіп жетілуіне бағытталған тәрбие процесі әр баланың қайталанбайтын өзіндік ерекшелігін еске ала отырып, тиімді дамуын қамтамасыз ететіндей болып құрылуы қажет.Тәрбие жүйесіндегі тиімділік көрсеткіштерінің бірі баланың рухани адамгершілік дүниесіндегі елеулі өзгерістер болып табылады. Бұл түрлі жағдайларда да, балаларда адамгершілік мінез-құлықтардың тұрақты болуынан айқын көрінеді.
Баланың басты психикалық іс-әрекеті – ойын. Төменгі сынып балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын бірден тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта : «Баламен ойнама шаршарсың», «Бала – құлыншақ, бала – ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді», - деп тегін айтылмаған.Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды, балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді» - деген. 7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қаурыт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнасада шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі. Ойын арқылы бала айнала қошаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді, зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық процестерді біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Осы жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі – тәрбие жұмысының нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемі.
Баланы тәрбиелеу ең алдымен және негізінен оқыту процесінде жүргізіледі. Сабақ – алуан түрлі қимылдар мен тебіреністердің, өзара қатынастардын тәжірибесін жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін өз күш-жігерін өзгелердің күш-жігерімен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсінуді, өз білімін басқалардың білімімен салыстыру, өз пікірін дәлелдеу, біреуге жәрдемдесу және оның жәрдеміне сүйену қажеттігі туады. Сабақта балалар жаңа білім алу процесінің өзімен бірге қуануы, ал қателер мен сәтсіздіктерге бірге күйінуі мүмкін. Тәрбиелік жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердің маңызы бірдей. Пәндердің алуан түрлілігі әрбір балаға оқуға өзінің күшті жағын көрсете білуге мүмкіндік береді. Біреудің ойы алғыр, екіншісінің қолы шебер, үшіншісі ұқыпты, епті, денесімен қозғалыстарын тамаша меңгергіш, төртіншісі әсемдікті сезінгіш, бесіншісі байқағыш болып келеді. Баланың жеке басының бұл күшті жақтарды ең алдымен оқу процесінде әр баланың белгілі бір салада, белгілі бір дәрежеде, анағұрлым білгіштігімен, шеберлігімен көрінеді.
Осыдан біздер балалар ұжымының қалыптасуымен дамуы, өндағы адамгершілік қатынастардың қалыптасуы – мұғалімнің үнемі көңіл бөлуін талап ететін күрделі және ұзақ процесс екенін байқадық.Төменгі сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде мұғалімнің жеке басының үлгісімен балалармен қарым-қатынасының шешуші маңызы бар. Тіпті, болымсыз нәрсе де, мәнердің өзінде балалар өз мұғаліміне еліктейді. Егер мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасуына ізгілік қамқорлық, сезімталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым қатынастары да сондай болады. Бала адамгершілігінің дамуының оның оқу, жазу, математика сабақтарындағы табыстарын қадағалағандай мұхият қадағалау қажет.Жаңа жолдастар ортасында бейімделудің алғашқы күндерінен соң бала кей балаларды жалпы көпшіліктен бөліп қарай бастайды.
Зерттеулердің көрсеткеніндей, мұндай оқушы әдетте, парта немесе қатар бойынша ең жақын көршісі болып отырады. Бастауыш сынып оқушыларына қажеттіліктердің бірі - қарым-қатынас. Кішкентай оқушының оқу жұмысында оның мұғаліммен алғашқы кездесулері және осы кездесулерде қалыптасқан қарым-қатынастары орасан зор роль атқарады. Оқушылар оқу өміріне тереңдеп енген сайын, топтық оқуларға қатысқанда, кезекшілік жасағанда, жеке тапсырмаларды орындағанда, үзілістерде ойнап тентектік істегенде, олардың әрқайсысы үшін қоршаған жолдастарының сан қилылығы ашылады.
Жоғарғы сыныптарға өтерде балалар бірте-бірте жолдастарының жекелеген қасиеттеріне жалпылама сипаттама беруді пайдалана бастайды: «Ол өте аққөніл, түсінбегеннің бәріне әрдайым көмектеседі», «Ол қыз сараң, ешкімге еш уақытта ештеңе бермейді – бәрі тек өзіме болсын дейді, өткенде …» /әрі қарай қыздың осы мінездемесін дәлелдейтін нақты оқиға суреттеледі/.
Бұл дәрежеге өтуге 9-11 жастағы баланың біршама кеңейе түскен жалпы ой-өрісі де себебін тигізеді. Ол кітап оқи алатын болады, көптеген әдеби кейіпкерлермен танысады. Өмірде және экранда қайырымдылықтың, іштарлықтың, батырлықтың, қамқорлықтың әділеттілікпен қорқақтықтың әртүрлі көріністеріне куә болып, құлақ қояды. Ол сыныпта болған оқиғаны талқылауға,әдеби шығармадағы не шындық өмірдегі кейіпкердің іс-қимылын бағалауға барған сайын жиі де белсенді қатысатын болады.
Ұжымдық өмірдің осы алғашқы кезеңдерінде бастауыш сынып оқушылары қоғамдық істердің талаптары және ерекшеліктерімен танысады. Олар бәрінен бұрын адамдарға көмектесуге, бау-бақша жөндеуге, сыныпты тазартуға, газет әкелу, көзі нашар көретін не ауру кісіге бір нәрсені оқып беруге т.б. жәрдем көрсетуге тырысады. Оқушының өзге адамдарға қамқорлығын білдіре отырып, мұндай адал көмек балаларға жалпы халық игілігі үшін еткен еңбектердің қуанышын танытады. Осындай істерде балалар бір-бірімен тереңірек әрі жан-жақты танысады және бірін-бірі жан-жақты біле бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы ұжымдық қарым-қатынастар ересектеу оқушылардағыдай, еңбекте, қоғамдық пайдалы істе қалыптасады.Олардың қарым-қатынастарында бірте-бірте өзара көмек, бүкіл топқа тапсырылған қоғамдық жұмыстың орындалуына бірдей жауапкершілік сезімі; бүкіл топтың жұмысын басқару кімге тапсырылса, соған бағына білу; топтың жетекшілік міндетін мойнына алып, жалпыға тән ережелер мен тәртіпке қатаң мойын ұсына отырып, атқара білу қалыптасады. Ал оқушылардың барлық қоғамдық белсенді өз әрекетінде, ақылды, іскер педагог балалар жігерінің көзін ашып, әрбір оқушының шығармашылық күйін, қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Бірлескен іс-әрекеттің барысында балалар бір-бірін тереңірек таниды. Әрбір оқушы жеке бір ғана ісімен, кездейсоқ қылығымен бағаланбайды. Балаларды бағалау көрсеткіші әр біреуінің оқудағы табыстары және оның мінезінің аралығынан көрінеді.
Адамның өзіндік сана-сезімінің көрінісі туралы басқа адамға үңі де қол жоқтасып өзін өзгелермен салыстырғанда ғана, ол өзін-өзі таниды деп тұжырымдайды. Баланың жеке бас ретінде өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына кейінгі оның құрдастарымен үнемі араласуы және бірлескен өмірі шешуші роль атқарады. Кішкентай оқушы өзіндік сана-сезімінің жаңа сатысына көтеріледі. Бала өзге балаларға қырағылықпен үңіледі: олар: қалай жазады, қалай санайды, қалай сөйлеседі, сұраққа қалай жауап береді, жіптен қалай секіреді, суретті қалай салады, бір-бірімен қалай сөйлеседі және оларға ересектермен құрдастар үлкендер мен кішілер қалай тіл қатады. Өзінің өз табыстарын, жетістіктері мен сетсіздіктерін өзге балалардың да осындай істері мен үнемі еріксіз салыстыру оқушыда өзіне-өзі баға беруге мүмкіндік туғызады. Өзін бағалау - өзіне-өзі бағасы алдымен оған мұғалімнің қатынасының әсері арқылы пайда болады. Өзіне-өзі баға беру мектепке дейінгі жастан-ақ қалыптасып, есейген кезге дейін жалғасады.
Кішкентай бала үшін әдетте бәрін білетін және түсіндіре алатын әке-шешесі беделді адамдар. Бастауыш сынып оқушысы үшін бәрінен ерекше оның алғашқы мұғалімі беделді. Мұғалім талап қояды, жөн сілтейді, бағалайды, мақтайды және оған құлақ асады. Тіпті ата-аналардың өздері де мұғалім талап еткеннің бәрін орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет