Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет9/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
 
БӘРІНЕН ДЕ ЖАҚСЫ 
Бір кішкене қыз көшеде, адамдардың арасында, шешесінен 
адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп, бақырып жылапты. Оны көрген 
адамдар жұбатып: 
- Сен жылама. Біз сені қазір шешеңе алып барамыз. Сенің шешең 
қандай еді?- деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып: 
- Сіз білмеуші ме едіңіз? Менің шешем – ең жақсы адам, ол 
бәрінен де жақсы, - депті. 
Л.Н. Толстой 
(50 сөз) 
ТАСБАҚА
Бірде маңғаз тасбақа-бикеш былай деп ойланады: «Неліктен 
мен үнемі жорғалар жүруім керек? Менің ең жоғарыда болуым 


 
- 18 - 
абзал». Содан кейін қасындағыларға: «Абайлап бір-біріміздің 
үстімізге шығайық!» -деген ұсыныс жасайды. Тасбақалар қабаттап 
бір-біріне шығады, ең үстіндегі тасбақа айналасына қарап: «Мен 
адамдардан биікпін, ең жоғарыдамын», -деп есерленіп, мақтанып 
тұрған кезде астыңғысы шырт етіп сынады. 
А. Сейсенова 
(52 сөз) 
 
 
ӘР ЗАТТЫҢ ӨЗ ОРНЫ БАР 
Рахмет өзіне тиісті заттарын белгілі орынға қоймайды. Даладан 
келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады.
Бас киімі бір жерде, қолғабы екінші жерде жатады. Керек 
уақытында киімдерін таба алмайды. Үй ішін қағыстырады. 
- Қолғабымды көрдің бе? Бас киімімді көрдіңдер ме? Сөмкемді 
көрдіңдер ме? – деп, күн сайын сұрап жүргені. Киімін таба алмай 
жүріп, кейде сабақтан да кешігіп қалады. 
(56 сөз) 
 
 
 
КЕМПІРҚОСАҚ 
Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланды. Нөсерлетіп жауған 
жаңбырдан соң, жаңбыр басылып, бұлт сейілді. Көкжиектен батысқа 
қарай батып бара жатқан күн көрінді. Дәл осы кезде сұр бұлт 
арасынан доға сияқты кемпірқосақ пайда болды. Оның жеті жолағы 
бар. Олар – қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін. 
Доғаша иілген кемпірқосақтың сыртқы жолағы қызыл болады. 
Жеті түстен тұратын жарық сәуле, кәдімгі күн жарығы екен. 
Жыл он екі ай 
(60 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет