Баяндама Тақырыбы; Әлеуметтендіру және идентификация Масс-медиа, технологиялар және қоғам Этнос және ұлт әлеуметтануы Дін, мәдениет және қоғам Орындаған: Аманжол Айнур Тексерген: Саутбаева Рима Султанбековна Алматы-2022 Жоспар



бет4/6
Дата24.03.2022
өлшемі24,31 Kb.
#136666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аманжол Айнур социалогия 509-3

Этникалылық – бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде “этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты, сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан айырылмайды. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.
Этникалық қауымдастыққа М.Вебер берген анықтама әлі күнге өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық – оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жніндегі ортақ жадына байланысты субъективті сенімге ие топ.

Этникалылықты түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады (Ф.Барт). Этникалық қауымдастықтар ең алдымен, мүшелерінің өздері үшін маңызы бар деп санаған (немесе бұл маңыздылық сырттан таңылған) және ол өзіндік сана-сезімнің негізінде жататын сипаттамасымен анықталады. Сонымен, этникалылық – мәдени айырмашылықтарды ұйымдастыру формасы. “Халық” ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақмен байланыстыра алатын және топтық ынтымақтастық сезімін көрсете алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.


Ғылымда және саясатта кең таралған ұғым “ұлт” болып табылады. Оған әр түрлі тарихи әрі қазіргі заманғы мағыналы мазмұн жатқызылады. Ең кең таралғаны осы терминнің көмегімен бір мемлекет азаматтарының жиынтығын саяси бірлестік ретінде белгілеу болып табылады. Кейде саясатта ұлттар деп кәдімгідей мемлекеттерді атайды (Біріккен Ұлттар Ұйымы ұғымы). Ұлттардың басым көпшілігі әр түрлі тілде сөйлейтін және әр түрлі дінді ұстанатын бірнеше, кейде ондаған және жүздеген этникалық қауымдастықтарды қамтиды (американдық, үнді, канадалық, қытайлық, швейцариялық, т.б.). Әдетте мемлекетте ең көп этникалық қауымдастықтың мәдениеті үстемдікке (ресми) мәртебеге ие болады, ал аз қауымдастықтардың мәдениеті ассимиляция мен кемсітушілікке тап болады. Сонымен қатар, ұлттар, этникалық қауымдастықтар немесе этникалық ұлттар деген түсінік (этнос түрі ретінде) айтарлықтай дәрежеде таралған, тарихи пайда болған және адамдардың ортақ мәдениеті мен өзіндік сана-сезімі бар тұрақты этноәлеуметтік қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.
Дін адам мен қоғамның арасында маңызды рөл атқарады. Қандай да бір дінді ұстанбайтын адам болмайды. Дін адам мен адамды, қоғамды біріктіруші күш десем артық айтҚқаным емес. Дін дегеніміз не? Ең алдымен осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
«Дін» сөзінің араб тілінен беретін мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтып өтеді. Ал «діннің» термин ретіндегі мағынасын, Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсінік беруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері. Яғни дінсіз адам болмайды. Әр елдің, ұлттың өздеріне тән ерекшеліктері тілі мен діні болады. Мысалы, біз қазақ халқы Ислам дінін ұстанамыз. Сол сияқты біреу исламды, католиктік, православиелік т.б діндерді ұстанады.
Дін – адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін – имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы бұлыңғыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет