Баяндама Тақырыбы:Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы


Күн де бір орнында тұрмайды



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі42,19 Kb.
#122662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндама
баяндама, баяндама
4. Күн де бір орнында тұрмайды.
Астрономдар күн де бір орнында тұрмайды. Бүкіл галактика (құс жолы) системасының заңдылығы бойынша өз бағытымен секундына 30км жылдамдықта үздіксіз алға жылжуда деп қарайды екен. Ендеше Құран Кәрім не дейді? Тағы тыңдап көрелік: «Күн де тұрағына қарай үздіксіз жол тартуда, бұл барлықтан үстем және барлық нәрсені біліп тұратын Алланың тағдыры» (36-сүре, 38- аят)
5. Кейбір теңіз сулары қосылса да бірікпейді, аралықта табиғи перде бар.
Қола шығанағына ене берісте Могильное (Молалы) көлі бар. Оның табиғатта шын мәнісінде сирек кездесетіні соншалық, тіпті суы бес қабат болып жатады! Көл онша терең де емес, он жеті метр шамасында. Бірақ суы шынында да бес қабат. Көлдің беткі суы кәдімгі көлдердегідей, ал одан төмен түсіп көлдің түбіне қарай барсаң болғаны, ғажап сонда кездеседі. Алты метр тереңдікте беткі тұщы судың орнына көл суы ащылана бастайды, одан кейінгі суы мүлде ащы –теңіз суындай. Одан әрі қарай, көлдің дәл түбінде күкіртті сутегі әбден еріген су қабаты бар. Мұның өзі Молалы деген атын растап тұрады. Бұл су астына шөгіп жатқан өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған. (Мезенцев В., «Әлемде талай қызық бар». Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы.Алматы,ҚСЭ бас редакциясы. 111- бет). Ал, Балқаш көлінің суы ащы және тұщы болып Ұзынарал тұсынан бөлінеді. Ұлытау өңіріндегі Дулығалы өзенінің жағасында Қойлыбай бақсының моласы тұр. Моланың тұсында өзеннің бір жағыдағы су теңіз суы сияқты өте ащы, мүлде ауызға алуға келмейді, екінші жағындағы суы тұщы.
Қызыл теңізде екі бағытта ағыс бар екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Бір қызығы, екі ағыстағы сулар бір-бірімен араласпайды.
«Ағызған екі теңіз қосылады. Екі арасында (көзге көрінбейтін) бөгет бар. Бір біріне араласпайды. Ендеше Раббыларыңның қай нығметін өтірік дейсіңдер? Екі теңізден де інжу-маржан шығады» (55-с.,19-22 аяттар). «Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасында (қосылып араласпайтын) бөгет жасады.» (25-с.53-аяттар) «Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаған және екі теңіздің арасында жік жасаған кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді». (27-с.61 аят)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет