Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет31/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Ядролық реакциялар

Бір элементтің басқа бір элементке айналу процестерін ядролық реакциялар дейді. Ядролық реакциялар теңдеулерін жазғанда сол жақтағы бөлшектердің зарядтары мен массалары оң жақтағы бөлшектердің зарядтары мен массаларына тең болатынын еске алу керек.


Элементтердің ядролары өздігінен ыдырап басқа бір элементтерге айналатын құбылыстарды табиғи радиоактивтік ыдырау деп атайды. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде ураннан кейін орналасқан элементтердің барлығы табиғи радиоактивтік ыдырауға бейім болады.
Табиғи радиоактивтік ыдырау төрт түрлі жолмен жүруі мүмкін: α-ыдырау, β-- ыдырау, β+- ыдырау, электрон қосып алу. α-ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросы α-бөлшегін немесе гелий ядросын бөліп шығарып заряды екіге кем элементке айналады, мысалы:

β--ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросындағы бір нейтрон протонға айналу нәтижесінде электрон бөліп шығарады да, ядро заряды бірге артық элементке айналады. Мысалы

β+- ыдырауда бастапқы элементтің ядросындағы бір протон нейтронға айналу нәтижесінде позитрон (массасы электрон массасына тең, заряды электрон зарядындай, бірақ таңбасы қарама-қарсы) бөліп шығарады да, ядро заряды бірге кем элементке айналады, мысалы

Ыдыраудың соңғы түрінде бастапқы элементтің ядросы оған жақын жатқан орбитальдан өзіне бір электрон қосып алып, ядро заряды бірге кем элементке айналады:

Бір элементтің ядросын қарапайым бөлшектермен немесе жеңіл ядролармен атқылау арқылы басқа элементке айналдыруды жасанды радиоактивтік дейді.
Элементтердің ядроларын атқылау үшін α-бөлшектері, протондар, дейтрондар (сутек изотопы ), нейтрондар және көп зарядты иондар қолданылады, мысалы:

Ядролық реакцияларды пайдаланып ураннан кейінгі элементтерді синтездеу іске асырылды, мысалы:

Плутонийдің нейтрондар сіңіруі және β--ыдырауы арқылы жүретін реакциялардың нәтижесінде 100-элементке дейін синтездеуге болады. изотоптары ядролық энергияны атом энергиясына айналдыруға қолданылады.
Қазір барлық элементтердің радиоактивті изотоптары белгілі және олар ғылымда, техникада, медицинада, ауыл шаруашылығында кең қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет