Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )
|
08:00-08:40
|
Тақпақ
Балабақша серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт
Тәуенлсіздік- ынтымақ
Тәуелсіздік еркіндік.
Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр
Аппақ қардай пейілін,
Әлемге елім шашып тұр.
|
Денсаулық
Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол - күлуің Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай. Қара айнаға, көресің Өзіңді – адам денесін. Қол - аяғың, басың бар, Бұған кеуде қосылар- Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миың, бүйрегің- Құрылысың бұл ішкі. Сымбат - мүсін дегенің Бітім – көркі денеңнің. Сымбат – жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға.
|
Әңгімелесу
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
|