Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет48/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Талдау
Нәтижелер
 
сіз күткенге ұқсай ма немесе өзгеше ме?
Зерделеу: 
Сіздің стильдеріңіз қандай? Бір стильге деген ерекше ықыласыңыз бар ма? 
Мүмкін бірнеше стильді қалайтын шығарсыз?
Енді әр стиль үшін ұсынылған сипаттаманы оқып шығыңыз.
• 
Белсенділер 
кең көзқараспен қарауға тырысады және жаңа нәрселерді білуге ынтызар. 
Олар барлығын ең болмаса бір рет байқап көреді және проблемаларды ұтқыр ойлау 
арқылы шешкенді жақсы көреді. Әдетте, олар айналасындағылармен жақсы араласады 
және барлығының назарында болғанды ұнатады. Олар жобалар бойынша жақсы жұмыс 
істейді, топтарда жақсы оқиды және басқалармен пікір бөліседі. Оларға рөлдік ойындар 
ұнауы мүмкін, бірақ оларға лекцияларда толық назар аудару, жобалар құру және 
зерттеулерді талдау үшін көмек қажет болады.
• 
Рефлексия жасаушылар 
бірден іске кірісіп кетпей, алдымен ойланып алғанды қалайды. 
Әдетте олар салмақты; олар тақырыпқа жалпы көрініс ретінде қарағанды ұнатады және 
ұтымды әрекет етеді, ұқыпты. Олар сарапшыларды тыңдағанды және ақпараттық-
анықтамалық материалдарды қосымша оқығанды өте жақсы көреді. Өздері зерттеу 
жүргізуден және өз зерттеулерін қолданудан ләззат алады, бірақ өз пікірлерін топқа 
ұсынған кезде өзінің жақсы жақтарын көрсете алмай жатады. 
• 
Теоретиктер 
талдағыш және барлығын егжей-тегжейлі білгенді жақсы көреді. Олар - 
еңбексүйгіш перфекционистер. Олар құрылымдалған және логикалық көзқарас білдіреді 
және үзінді мәліметтермен тез жұмыс істейді. Оларға теориялық материал көп берілетін 
дәрістер, көзқарастар мен пікірлерді қорытқан ұнайды. Конспекті жасау немесе 
сараптамалық жаттығу орындау олар үшін нағыз қажетті іс болып саналады. Олар 
екіұштылықты және күрделі мәселелерге ұқыпсыз қарайтын адамдарды ұнатпайды.


61 
• 
Прагматиктер 
өте епті және теорияның іс жүзінде жүзеге асуын анықтауға тырысады. 
Олар проблеманы сын тұрғысынан қарастырады және жұмысты орындаудың ең жақсы 
тәсілдері бар екеніне сенеді. Оларға өздері істегеннен гөрі, басқаларға «қалай істеу 
керектігі» жөнінде нұсқау берген ұнайды. Олар идеяларын ұсынуға, жобалар жасауға 
және аталған зерттеулерді қолдануға бейім. Олар абстрактілі идеялармен және 
анықтамалық-ақпараттық материалдармен нашар жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет