69
Оқушылар оқу барысында өздерінің дәлелдеу және дәйектеу жүйесіне негізделген
жеке пікірлері мен идеяларын қалыптастыруы тиіс. Осы жағдайда қолдануға болатын
жаттығулар:
Талқылау барысында мұғалімдер оқушыларға:
өз мәлімдемелері үшін негіздемелер мен дәлелдемелер ұсынуға;
негізделмеген деп санаған мәлімдемелермен келіспеуге;
расталмаған болжамдарға күмән келтіруге;
пікірлер мен көзқарастарының алдын ала пішілмей, дұрыс болуына;
түсініксіз нәрселерді түсіндіруді сұрауға;
басқалардың өз көзқарасын ұстануға құқығын (тіпті онымен келіспесе де) сыйлауға
көмектесулері қажет.
Оқушылардың сенімін нығайту
Оқушыларыңыздың қандай да бір пікір қалыптастыруына бөгет болмаңыз және
тыйым салмаңыз;
Ешқашан жете бағаламауға жол бермеңіз;
Әрқашан оқушыларға, олардың пікірлеріне қызығушылық білдіріңіз;
Егер оқушыларыңызда өз күшіне деген сенімділігі жетіспей жатса, сізге онымен
жұмыс істеу қажет.
ХХ ғасырдағы британ философы Стефан Тулмин былай деген: «Орынды,
тәжірибеге негізделген дәлелдемелер әдетте алты бөліктен тұрады». Аталған бөліктерді
сипаттау үшін ғалым мынадай терминдерді пайдаланған:
Достарыңызбен бөлісу: