70
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ
АКТ-ны пайдалана отырып өткізілетін сабақтарды жоспарлау әдістемесі
АКТ-ны жай ғана «пайдалану керек» деген ұстаныммен пайдаланбаңыз. АКТ сіздің
оқыту мен оқу мақсаттарыңызға жетудің ең оңтайлы тәсілі екендігін/еместігін
анықтап алыңыз.
Егер сіз АКТ-ны пайдалануға сенімсіз болсаңыз, әріптестеріңізден кеңес сұраңыз.
Есіңізде болсын, көптеген оқушылар компьютерлендірілген әлемде өсіп келе
жатқандықтан, АКТ-ны сенімді пайдаланады. Мұны сіздің құзыреттілігіңізге
төнген қауіп ретінде қарастырмай, керісінше қосымша көмек пен қолдау ретінде
қабылдаңыз. Оқушылар өздерін «сарапшы» ретінде сезінгенді ұнатады, бұл
олардың өзіндік бағасын арттыруға ықпал етеді. Олар көмек сұрады деп, сізді
сыйлауын тоқтатпайды.
«Велосипед ойлап шығарудың» қажеті жоқ. Көптеген мұғалімдер АКТ-ға арналған
ақпараттық материалдар мен стратегияларды әзірлеп қойған. Әріптестеріңіздің
тәжірибесін талқылаңыз, бүкіл мүмкіндіктерді пайдалану арқылы олармен
байланыста
болыңыз:
адамдардың
идеялармен,
сабақ
жоспарларымен,
тәжірибелерімен алмасуға көмектесетін мектептің, мұғалімдердің веб-сайттары
және желілік қауымдастықтар өте көп!
Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға
ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатында АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері
ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: