72
Kaztube.kz, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интерактивтілік деңгейіне
шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұсынады.
PowerPoint таныстырылымдары
PowerPoint таныстырылымы – мектептерде ең көп таралған, таныстырылым
жасауға арналған бағдарламалық құрал. Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп
жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген:
Құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы, ақпараттық
және қызықты таныстырылым жасау үшін пайдаланылуы тиіс.
Барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деректер,
анимациялар, дыбыс және бейне, сайттарға сілтеме, таныстырылымның негізгі
ақпараттарының түйінді тұстары, еренсілтемелер).
Күрделендірмеңіз: әрбір слайдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар
ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдай алмай қалады.
Мүмкіндігінше үлкен шрифтімен жазып, жолдардың арасында жеткілікті аралық
сақтаңыз.
Көп түстерді пайдалана бермеңіз, өйткені бұдан бас ауруы мүмкін.
Фонның түсі мәтіннің үйлесімділігін бұзып, оқуды қиындатпауын қадағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: