Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын


Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу



Pdf көрінісі
бет55/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу.
Өзінің жеке тәжірибесі мен 
түсінігінің негізінде болжамдар мен жорамалдардың шынайылығын тексеру.
Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу.
Ойымыздың мәнмәтінмен 
үйлесуінің маңыздылығын түсінуге ықпал ету, басқа сөзбен айтқанда, 
тәжірибе, құрылым мен қызметтің бірлігін қамтамасыз ету.
Баламаларды ұсыну және зерттеу.
Айқын және қисынды ойлана білу. Түрлі 
көзқарастар мен ұстанымдарды қабылдау қабілеті. Нақты және бейнелі түрде 
ойлана білу.
Рефлексивтік күмәндануды дамыту. 
Жалпыға мәлім ақиқаттан немесе 
сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болады деуден бас тарту; әркімнің әртүрлі 
ойланатынын, қарама-қарсы көзқарастар болуы мүмкін екендігін назарға алу.

(Брукфильд 
(1987) цитата 
Лестерден алынған (2010: 4)) 

Сын тұрғысынан ойлаудың жоғарыда аталған аспектілерін дамыту үшін Лестер 
ұсынған (2010) жаттығуларды назарға алуға болады: 
Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу 
Шектелген тәжірибеге негізделген жалпылама пайымдаулар қолайлы, алайда олар 
тұжырымдардың негізді болуын қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, болжам 
жасамас бұрын, көбірек білу үшін болжалды шектеулер бар ма екенін анықтап алған 
дұрыс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: 

Қашан сұрақ қою керек екендігін түйсіну: мен айтылғанды дұрыс түсінем бе әлде өз 
жалған сенімім не эмоцияларыммен оны бұрмалаймын ба? 

Оқушылардың мәтіннің бір мағынасын ғана ашумен тоқтап қалмауына жағдай 
жасаңыз, бірнеше рет жүргізілген есептердің негізді екендігін немесе оның жай ғана 
қате екендігін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. 

Ақпаратты жалпылау кезінде басқалар жасаған келеңсіз тұжырымдардан абай болып, 
тиянақты әрі байыпты болуға тырысыңыз.
Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу
Сын тұрғысынан ойлау дағдылары объекті мен оны қоршаған орта, объектілер мен 
идеялар және т.б. арасындағы қарым-қатынастар жүйесін бақылауды қамтамасыз етуді 
көздейді. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: 

Түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан түрлі мәнмәтіндерде фраза
түсінік, идеялар, бағаны қалай қолдануға болатындығын талқылауды ұсыныңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет