77
Мектептегі көптеген сахналық қойылымдар көрермендердің ризалық білдерген
жазбаларынсыз және атқарылған жұмысқа масаттанусыз аяқталып жатады. Оқушылар өз
техникасы мен стилін өзара бағалай алатындай етіп, бірнеше драмалық қойылымдарды
бейнеподкастыларға жазу жақсы идея болар еді.
Дене шынықтыру сабақтарының бейнеподкастылары
Спортта қолданылатын техникаларды (белгілі бір жаттығуларды орындау
техникасын) жақсы меңгеру зор қуаныш ұялатып, спортқа тартылуға негіз бола алады.
Жаттығуларды үйрену бейнежазбасын жасап, оларды тарату – жақсы идея. Осының
арқасында оқушылар өздерінің не істегендерін бағалап, жақсы мен жаманды салыстырып,
айыра алатын болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: