Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет60/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Аудиторияларда пайдалануға 
арналған
онлайн-ресурстар. 
Мұғалім 
оқушыларға
 
оқу жылы бойы белгілі бір пәнге қатысты тиісті ақпарат алуға болатын 
сайттардың тізімін береді. Бұл тәсілдің артықшылығы: бұл тізімге сайттарды сүзгілеудің 


73 
мектептік талаптарына сәйкес келетін жаңа сайттарды қосуға болады. Сайттар тізімі 
өзгеріп тұрады, өйткені олар кез келген уақытта қосылуы немесе өшірілуі мүмкін. 
Сондай-ақ онлайн-ресурстар ыңғайлы орналастырылған, сол себепті оқушыларды қажетті 
ақпаратпен қамтамасыз ете алады. 
4
. Вики – сыныптың веб-парағы ретінде.
Бұл стратегия оқу жылы бойында 
оқушыларды күнделікті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Оның артықшылығы жеке веб-сайтқа қызмет көрсету және бағдарламалық 
жасақтаманы пайдалануға оқыту қажеттігінің болмауын қоспағанда, мұғалімге қажетті 
және оқушылар пайдаланатын ақпарат веб-парақтың ортасында орналасатындығынан 
көрінеді. 
Оқиғалар күнтізбесі, ақпараттық бюллетеньдер, үлестірме материалдар, 
конспектілер, техникалық қауіпсіздік ережелері, сынып ережесі, PowerPoint 
таныстырылымдары, оқушылардың сыныпта жобамен жұмыс үстіндегі фотосуреттері 
сыныптың Викидегі веб-парағының айдарларына мысал бола алады.
Вики веб-парағына қатынау оқушылар мен олардың ата-аналарына ғана рұқсат 
етілгенін, әрі бұны мұғалім бақылап отыратынын естен шығармаңыз. 
5. 
Викидің картотекалық шкафы.
Мұғалім құжаттар, кескіндемелер, бейнежазба 
және басқа да ақпаратты сынып Викиінің арнайы аймағында сақтай алады, оған кіруді 
мұғалім бақылайды. 
Мұғалімнің ақпаратты Интернеттің көмегімен кез-келген уақытта және кез-келген 
компьютерден енгізе алатындығы бұл тәсілдің үлкен артықшылықтардың бірі болып 
табылады. Бұл мұғалім мектепте болмайтын демалыс және жазғы каникул кездерінде өте 
ыңғайлы. 
Жоғарыда аталғандармен қатар мұғалімнің Вики картотекалық шкафында таяуда 
шығарылған ақпараттық бюллетеньдер, оқушылар жұмысының үлгілері, жобалар 
әзірлемелері, естелік альбомға арналған сыныптың күнделікті өмірінің суреттері және 
қосалқы құралдар да сақталуы мүмкін. 
Викидің көмегімен сыныпта байланыс орнату 
Викиді сынып жұмысына қосу оқыту мен оқудың оқушыларды оқу үдерісіне 
тартуға бағытталған жаңа тәсілдерін талап етеді. Бланкілерді толтыру немесе дәріс 
конспектілерін беру сияқты дәстүрлі тәсілдер Викидің барлық мүмкіндіктерін көрсете 
алмайды.
Оқушылар бланкілерді өздері жасап, мазмұнын түзете алатын тәсілді қолдану 
Викиді оқу үдерісіне кіріктірудің бірінші қадамы болып табылады. Викиді сынып 
жұмысына тиімді кіріктіру үшін оқушылар ақпарат алмасу және мазмұнын түсінетіндігін 
көрсету үдерісіне мұғаліммен және басқа оқушылармен бірлесіп қатысуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет