МЕКТЕПКЕАРНАЛҒАН ВИКИ ҚҰРАЛДАРЫ Вики оқушыларға басқа оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуге, өз білімдерімен,
пікірлерімен алмасуға мүмкіндік береді және білім қызметкерлері үшін орталық онлайн-
ресурс бола алады.
Вики – интернеттегі Web 2.0 қосымшаларын пайдаланудың ең оңай тәсілдерінің
бірі, өйткені бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді қажет етпейді, әрі мәтіндерді өңдейтін
бағдарлама ретінде қолдануға болады. Білім қызметкерлері үшін қатынау тегін болуына,
жарнамаға
қойылатын
талаптарының
болмауына,
оқушылар
ақпараттарының
құпиялылығына кепілдік берілетіндігіне байланысты, соңғы жылдары аталған техникалық
құралды пайдаланушылар қатары күрт өсіп отыр.
Мұғалімнің Вики құруы автоматты түрде оқушыны оқу үдерісіне тартады деп
санауға болмайды. Оқу үдерісіне Викиді қосуды жоспарлау бұл құралдың әлеуетін толық
пайдалану үшін оқыту әдістемелері мен стратегияларын қайта ұғынуды талап етеді.
Төменде Вики құралдарын сыныпта пайдалану мысалдары келтірілген.
1. Викидің көмегімен орындалатын бірлескен жобалар. Бұл техникалық құрал
орта мектеп командаларында және тақырыптық модульдер бойынша оқыту жобалары, оқу
аралық жобалар үшін өте қолайлы. Вики бірлескен жобаларының артықшылықтарының
бірі олардың желіде жасалатындығы болып табылады.
Мектептен тыс жерде де Интернетке қатынай алатын оқушылар мектепте болмай-
ақ, жобаны аяқтау жұмысын бірлесіп жүргізе алады. Сондай-ақ бағалаумен қатар,
рөлдерді бөлу және қызметті нақты анықтап алу осы стратегияны іске асыратын бірлескен
оқытушы жобалардың табысты болуы үшін өте маңызды болып табылады.
2
. Оқушылардың білімін көрсету. Оқушылар өз білімдерін көрсету үшін Викидің
белгілі бір параметрлеріне сәйкес келетін ақпарат ұсынады. Мысал ретінде әліпби
форматына сәйкес келетін оқушылар әзірлеген бастапқы жұмыстарды алуға болады.
Әрбір парақ әліпбидің тиісті әрпіне арналған, онда оқушылар әлеуметтану,
математика, ағылшын тілі немесе ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша өткен
материалдарын түсіндіру үшін жазба жұмыстарын және суреттерін (дереккөздерге
сілтеме) қарастыруға ұсынады. Екінші мысал – оқушылардың Қазақстанда 1991 жылдан
2013 жылға дейінгі аралықта болған тарихи оқиғалардың хронологиясын құруы.
3.