82
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданылатын негізгі
стратегиялар
Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі ұғым ретінде
қарастыратын орта құру.
Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен жүргізілетінін
көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту.
Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белгілеу.
Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және
жоспарлау.
Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту – табыс
критерийлеріне сәйкес болып қана қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес
болу қажеттілігін білу.
Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға
мүмкіндік беру.
Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға, түсініктемелерге сәйкес
жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар аудара отырып, оқушылар мен
мұғалімдерге уақытында шолу жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз мүмкіндік
беру.
Қалыптастырушы бағалаудың осы стратегиялары мұғалімдерге де, оқушыларға
да міндеттер мен әдістерге қатысты қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын
құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда қолдануға
болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы
қажет. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде қолданатын
әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер
жүйесін құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір.
Оқыту үшін
бағалаудың негізгі
Достарыңызбен бөлісу: