89
•
Жоспарланбаған жауаптар ойластырылмаған болып, құрылымдалған оқыту
барысына сәйкес келмеуі мүмкін.
– Сұрақтар мен тапсырмалар ойлаудың барынша жоғары деңгейін ынталандыруға
бағытталып, жауаптар кері байланысты одан әрі дамытуға ықпал етуі тиіс.
– Сұрақтар мен тарсыпмалар ретін кері байланыс оқуды алға жылжытуға
жәрдемдесетіндей етіп біртіндеп құрылымдаңыз.
– Қолайлы жағдайда анағұрлым кеңейтілген немесе құрылымдалған кері
байланысқа уақыт бөлінуін қадағалаңыз.
•
Ауызша кері байланыстың тиімділігі қысқа мерзімді болады.
– Негізінде бұл дұрыс, бірақ оқушыларға жауап беруге уақыт бөліп, қажет болған
жағдайда кері байланысқа сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беру маңызды.
– Кейбір жағдайларда оқушылардан кері байланыс туралы ойланып, өздерінің
кейінгі қадамдары немесе мақсаттары туралы дәптерлеріне жазуды, болмаса өздерінің
жұмысын/нәтижелерін/оқуын кері байланыс тұрғысынан қайта қарауды бірден сұраған
пайдалы болуы мүмкін.
– Оқушылардың жауаптарын ойша (немесе жазбаша) белгілеп отырыңыз және
олардың тақырыпты шын мәнінде түсінгенін тексеру үшін оларға кейінірек оралыңыз.
•
Достарыңызбен бөлісу: