Туындауы мүмкін қиындықтардың кейбір шешімдері •
Мұғалімдердің тез арада берген жауаптары кейде жан-жақты ойластырылмай, жеткілікті түрде оқу мақсаттарына бағытталмайды. – Кері байланыс әрқашанда сабақтың мақсатымен тікелей байланыста болып,
бөгде факторларға немесе салаларға түсініктеме беруден аулақ болуға тиіс; мақсат
сабақтың, тапсырманың немесе эпизодтың басында қойылуға тиіс.
– Сұрақтар немесе талап етілетін жауаптар оқушыларға өздерінің жауабын мұқият
әрі егжей-тегжейлі ойластыруға және оған тоқтауға мүмкіндік бергендей етіп, уақыт
беріңіз. Өзіңіз жауап бермей тұрып, басқа оқушыларға өз ойларымен бөлісіп, жауапқа
түсініктеме беруге мүмкіндік ұсыныңыз.
– Өзіңіздің түсініктемелеріңіздің алдында немесе олардан кейін оқушыларға
өздерінің жауаптарын бағалау үшін оқу қызметінің белгілі бір нәтижелерін (табыс
критерийлерін) пайдалануға мұрсат беріңіз.
– «
Осы мәселе туралы бұдан көбірек айтқыңыз келе ме? » деген сияқты сұрақтарды
пайдалану мұғалімге оқушы ойлаудың қандай дәрежесіне жеткендігін көруге және
тиісінше өзінің түсініктемелерін құруға жәрдемдеседі. Мұғалімнің осындай жауаптары да
үдерістің дамуына ықпал етеді.
– Мұғалімдер тапсырманы түсіндіру кезінде туындап қалуы мүмкін
проблемалардың алдын алып, қате түсінуді болдырмауға тырысуға тиіс.
– Мұғалімдер алдын алу стратегияларын пайдалана алады, айталық, тапсырманы
беру кезінде туындауы мүмкін қиындықтар мен табыс критерийлерін талқылай алады.
– Белгілі бір оқушылар үшін арнайы дайындалған сұрақтар немесе жалпы
сыныптық жаттығулар оқушылардың қате жауаптарын азайтуға мүмкіндік береді.
– Мұғалімдер жүргізіліп отырған сабақтың мазмұны және оны беру тәсілін
қадағалаған сияқты, кері байланыстың стилін де қадағалап отыруға тиіс (мысалы, дұрыс
жауапты жай ғана құптау немесе ойды одан әрі дамытуды талап ететін жауапты таңдау).
•