Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын


Күнделікке арналған сұрақтардың үлгілері



Pdf көрінісі
бет72/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Күнделікке арналған сұрақтардың үлгілері: 
• Осы аптада сабақ үстінде біз не істедік? (пән бойынша) 
• Осы аптада мен нені білдім/зерделедім? 
• Қажетті ақпаратқа назар аудару үшін маған не қажет? 
• Осы аптада мен неге қол жеткіздім? 
Өзара және өзін өзі тиімді бағалау 
Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамытудың басты критерийлері: 
• Оқудан күтілетін нәтижелер оқушыларға түсінікті және айқын болуға тиіс. 
• Оқушылар табыс критерийлерінің кейбіреулеріне немесе бәріне жауап 
беретіндіктерін түсінуге тиіс. 
• 
Өзара 
бағалау 
кезінде 
оқушыларда 
ынтымақтастық 
дағдыларының 
қалыптасқандығы зерделенуі керек. 
• Оқушылар неғұрлым тәуелсіз оқушы болу жолындағы өз білім алуының 
қарқынын бағалауға тиіс. 
 
Оқыту нәтижелері 
Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту үшін мұғалімдер: 


87 
• оқушыларға өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын қалай бағалау 
керектігін үйретуге; 
• сабақтарда өзара және өзін өзі бағалауды өткізу шараларын жоспарлауға; 
• әрбір тапсырманы оқыту мақсаттарын және одан күтілетін нәтижелерді 
түсіндіруге; 
• оқушыларға олардың 
алдағы қадамдарын
анықтауға көмектесуге;
 
• оқушылардың өз оқуына қатысты 
өзіндік талдау жүргізуін
жүйелі түрде 
ынталандыруға; 
• оқушыларға бағалау жүргізуге мүмкіндік беру үшін уақыт пен оны жүргізу 
жолдарын жоспарлауға тиіс. 
Ауызша кері байланыс 
Кері байланыс үш бағытта жүреді: 
• 
Мұғалімнен оқушыға
– мұғалім оқушыларға ағымдағы жетістіктерге және алдағы 
қадамдарға қатысты ақпарат береді; 
• 
Оқушыдан мұғалімге
– мұғалім оқушылардан өздерінің оқуына қатысты 
түсініктемелер алады; 
• 
Оқушыдан оқушыға
– өзара бағалау барысында. 
Аталған бағыттардың барлығы маңызды, қажетті және бір-бірімен өте тығыз 
байланысқан. Ауызша кері байланыс ұсынған кезде мұғалім алдағы уақытта оқушылар 
өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастыруға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет